ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 сентября 2019 | 17:56

15 жаста үйлену: Заңгер ерте жастан отбасы құрғандардың жазасын айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация © Тұрар Қазанғапов

Өмірде болып жатқан қателіктер мен түсініспеушіліктер көбіне адамдардың өз құқы мен Ата заңын білмеуінен туындайды. Соңғы кездері Желі қолданушылары отбасын құру мәселесі бойынша жиі пікірталасқа түсіп жүр. Бұған 15 жастағы ақтаулық жасөспірімдерің шаңырақ көтеруі себеп болды. Заңгер Қайрат Жүкелұлы Tengrinews.kz тілшісінің неке қию жасына қатысты сұрақтарына жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өмірде болып жатқан қателіктер мен түсініспеушіліктер көбіне адамдардың өз құқы мен Ата заңын білмеуінен туындайды. Соңғы кездері Желі қолданушылары отбасын құру мәселесі бойынша жиі пікірталасқа түсіп жүр. Бұған 15 жастағы ақтаулық жасөспірімдерің шаңырақ көтеруі себеп болды. Заңгер Қайрат Жүкелұлы Tengrinews.kz тілшісінің неке қию жасына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Заң маманының айтуынша, ҚР неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі неке-отбасы қатынастарын реттеу мақсаттары мен міндет, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды. Отбасы дамуын елдің әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде көрсете отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Заң бойынша қанша жаста неке қиюға рұқсат беріледі?  

 

"Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін де 18 болып белгіленген. Десе де заң екі жағдайда бұл жасты төмендетуге мүмкіндік береді. Біріншісі - қыз жүкті болғанда, екіншісі - ортақ бала туған кезде. Неке қиюмен және оны тіркеумен айналысатын арнайы орган шаңырақ құруға болатын жасты екі жылға, яғни 16 жасқа дейін шегере алады", - дейді Қайрат Жүкелұлы.

15 жастағы жасөспірімдер үйленсе жазалана ма?

Маманның айтуынша, жасөспірімдердің өзін емес, ата-ана міндетін жалпы дұрыс атқармады деп әкесі мен шешесін әкімшілік жазаға тартуға болады. Алайда Ақтаудағы жасөспірімдердің жағдайында заңгер ешқандай да жауапкершілік көзделмеген дейді. 

Некеге тұру жасын төмендету үшін не істеу керек? 

 

"Неке жасын төмендету үшін ерлі-зайыпты болуға тілек білдіріп отырғандар және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, өтініш жазуы керек. Бұған тек болашақ ерлі-зайыптының келісімімен жол беріледі. Ал кәмелет жасына толмағандар арасындағы немесе неке жасына толған адам мен толмаған адамға тұрмыс құруға рұқсат кемелетке толмаған адамның ата-анасы не қамқоршысының жазбаша келісімімен ғана беріледі", - дейді заңгер. 

Қандай жағдайда неке қиюға рұқсат берілмейді?  

 

"Некелесуге бір жынысты адамдардың, басқа тіркелген некесі барлардың, жақын туыстардың арасында, бала асырап алушылар мен асырап алынған баланың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған бала арасында, соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді", - деді Қайрат Жүкелұлы.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқығы ресми отбасын құрғаннан кейін қалай өзгереді? 

 

Заңгердің айтуынша, 16 жастағы бала кәмелет жасына толмай отбасын құрып жатса, оған бірқатар міндеттемелер жүктеледі. 

"Мұндайда некеге тұруға қатысты құқықтар мен міндеттер пайда болады. Оған баланы асырау, тәрбиелеу, некені бұзу, некеде мүлікке ие болу сияқты жағдайлар жатады. Бірақ, сайлауға қатысуға, кредит алуға құқық тек 18 жастан беріледі", - деді ол. 

Заңгер құқықтық жауапкершілік туралы да айтып берді. 

"Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылады. Жігіт кәмелеттік жасқа толмаған қызды жүкті қылса және бұл зорлық болса, мұнда да ол 14 жастан бастап тиісіті жазасын алады", - деді Қайрат Жүкелұлы. 

Неке қию тәртібі қандай?

 

"Неке болашақ ерлі-зайыптылардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын айрықша жағдайларға түсіп қалсы (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) неке қиюды мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісіле отырып, болашақ ерлі-зайыптылардың қатысуымен жүргізіледі", - дейді ол.

Кодексте көрсетілген ақпарат бойынша, тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң неке қиылады. Бұл мерзімді органдар арнайы құжаттар расталғанда қысқартады немесе ұзартады.

Қыз жүкті болып немесе бала туған жағдайда, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да мән-жайлар болғанда неке қию рәсімі ғашықтардың қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer