Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 октября 2019 13:53

"17 жыл бұрынғы қылмыс ашылған". Тоқаев айтқан қытайлық адам тану камералары несімен пайдалы?

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында елорданы дамыту жөнінде өткен кеңесте Қазақстанда цифрландырудың қытайлық тәжірибесін қолдану керектігін атап өтті. Президент атап өткен Hikvision компаниясы Қытайдың біршама қаласына бақылау камераларын орнатқан. Ал Watrix компаниясы аспан асты елінде 2018 жылдың қарашасынан бастап адамдардың жүріс-тұрысы мен дене бітіміне қарап, ол туралы ақпарат беретін жаңа жүйені сынақтан өткізе бастаған. Мұндай жүйеден адам маскада жүрсе де қашып құтыла алмайды-мыс. Себебі жүйе адамның дене бітімі: бойы, салмағы және жүру жылдамдығы туралы сипаттамаларды талдап, оны мәліметтер базасына тіркейді. Аспан асты елі тұрғындарының қауіпсіздігіне арналған жүйенің мақсаты не? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 


8 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында елорданы дамыту жөнінде өткен кеңесте Қазақстанда цифрландырудың қытайлық тәжірибесін қолдану керектігін атап өтті. Президент атап өткен Hikvision компаниясы Қытайдың біршама қаласына бақылау камераларын орнатқан. Ал Watrix компаниясы аспан асты елінде 2018 жылдың қарашасынан бастап адамдардың жүріс-тұрысы мен дене бітіміне қарап, ол туралы ақпарат беретін жаңа жүйені сынақтан өткізе бастаған. Мұндай жүйеден адам маскада жүрсе де қашып құтыла алмайды-мыс. Себебі жүйе адамның дене бітімі: бойы, салмағы және жүру жылдамдығы туралы сипаттамаларды талдап, оны мәліметтер базасына тіркейді. Аспан асты елі тұрғындарының қауіпсіздігіне арналған жүйенің мақсаты не? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

Қытайда бақылау камерасы неліктен көп?

Аспан асты еліндегі бақылау камералары тұрғындарды тану технологиясы арқылы қытайлықтардың әрбір қадамын бақылап отырады. Жаңа жүйенің мақсаты - қауіпті қылмыскерлерді ұстау және тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету.  Яғни бұл жүйе із-түссіз жоғалып кеткен адамдарды табуға және қылмыскерлерді құрықтауға көмектеседі. Ал Шанхай, Бейжің секілді ірі қалаларда ереже бұзатын жаяу жүргіншілерді жазалауға септігін тигізеді. Жол ережесін бұзған адамдардың суретін көше қиылыстарында орналасқан арнайы экрандардағы "масқаралау тақтасына" іліп қояды. Ал ол жерден суретті алдырту үшін тұрғындар 20 юань немесе 3 доллар төлеуі қажет. 


Тұрғынды дене бітімі, жүрісін анықтап, мәлімет беретін Watrix компаниясының жүйесі

Қытай мұнымен тоқтап қалмақ емес. Көршілес елдің 2030 жылға қарай жасанды интеллект және оны пайдалану бойынша лидер болмақ ниеті бар. 

Жүйе бойынша балл жиналады

Қытайдағы бұл жаңа технология адамды 50 метр қашықтықта 94 пайыз дәлдікпен көреді. Аспан асты елінде 1,5 миллиардқа жуық адам болса, соның 21.54 миллионы Бейжіңде тұрады. 2020 жылға дейін қала бойынша мұнда ғаламдық бейнебақылау және тұлғаны тану жүйесі орнатылмақ.

2018 жылдың басында Гуанчжоуда жеке балл есептеу жүйесін орналастыра бастады. Жаңа жүйе бойынша адамдардың тәртібіне байланысты тиісті балдар жиналып отырады. Жоғары балл жинаған адамдар тиісінше жақсы өмір сүреді. Ал балы төмен адамдардың күні қараң болуы мүмкін: олар арнайы лауазымдарда қызмет ете алмайды, сонымен қатар, оларға ұшақ пен пойызға билеттер сатылмайды. 


Сурет ашық интернет көздерінен

Ішімдікті шамадан тыс сатып алу да баллдың төмендеуіне себеп болады. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, адамдарға жәбір көрсетсе тұрғындар балынан айырылады. Соңғы кездері мобиль және компьютер ойындарын шамадан тыс қолданғаны үшін де тұрғындардың балы төмендей бастаған. 

Ал балаларға арналған жаялықтарды сатып алу - тұрғынның жауапты ата-ана екенін көрсетіп, қосымша балл беріледі екен. Бір қызығы - ата-ана жинаған балдарын баласына мұра етіп қалдыра алады. 

Бүгінде қытайлық әрбір тұрғын 800-900 балл жинай алады. Рейтингті арнайы бірнеше бағдарламадан көруге болады. 

Бақылау камерасы арқылы әшкере болған адамдар

2002 жылы Қытайдың Чунцин қаласында төрт адам жергілікті тұрғынды тонап, артынша өлтіріп кеткен. Қылмыскердің үшеуі тұтқындалғанымен біреуі қашып кеткен.  

Осы оқиға бойынша 2019 жылы 9 тамызда полицейлер 17 жыл бұрын болған кісі өліміне қатысы бар делінген күдіктіні тұрғындарды тану технологиясы бар бақылау камерасы арқылы ұстаған. 31 шілдеде қалалық бақылау жүйесі орталықта 2002 жылы адам өлтіріп, ұрлыққа түскен адамға ұқсайтын тұрғынды анықтаған. Жүйе күдікті мен мәліметтер базасындағы адамның суретін салыстырған. 


Қытайдың теміржол торапындағы халық

Ал 2 тамызда полиция күдіктіні құрықтаған. Артынша тұрғынның өзі 17 жыл бұрын жасаған қылмысын мойындаған. 

Бұдан бөлек 2019 жылдың өзінде тұрғындарды тану технологиясы бар бақылау камерасы арқылы шамамен миллион тұрғыны бар ауданда 200-ге жуық қылмыстық іс пен із-түссіз жоғалып кеткен адам табылған. 

2018 жылы сәуірде қытайлық полицейлер 60 мыңға жуық адам жиналған мерекеде тұрғындарды тану технологиясы бар бақылау камерасы арқылы қылмысқа қатысы бар адамды анықтаған. Күдіктінің 31 жастағы Ао есімді ер адам екені анықталған. Ол әйелі мен достарымен Нанчан қаласында болған концертке келген. Ао экономикалық қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған. 

Ал 2018 жылы наурызда теміржол станциясында бала ұрлағаны үшін, жол апаты кезінде оқиға орнынан қашқаны үшін және жасанды құжат қолданғаны үшін 33 адам ұсталған. Ол үшін  полицейлер тұрғындарды тану технологиясы бар арнайы көзілдірікпен жүрген. 


Қытайлық полицей әйел © РИА Новости

Бүгінде Қытайда 170 миллионға жуық бақылау камерасы орнатылған. Ал 2020 жылға қарай аспан асты елі бақылау камераларын 400 миллионға жеткізбек. 

Қазақстанда тұрғындарды тану жүйесі енуі мүмкін бе?

8 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық Hikvision компаниясының мысалы ретінде елорданы цифрландыруға тапсырма берді. Президент "Сергек" бақылау камераларын сынға алып, ол тек жүргізушілерден айыппұл өндіруге арналған жүйе екенін атап өтті. Сөйтіп, әкімдер мен үкімет мүшелеріне циярландыруды қолға алу керек екенін айтты. 

"Олардың технологиясы біршама дамып кеткен. Олар ең ірі қалаларды циярландырған. Экранға бассаң бәрі шығады: қашан оқу орнын бітіргені, бос уақытын қалай өткізетіні, қандай кредит алғаны туралы. Біз осы бағыт бойынша жүруіміз қажет. Бұл - әлемдік тенденция", - деген еді Президент елорданы дамыту жөніндегі кеңесте. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети