ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 мая 2020 | 13:42

"170 мың адам қарсы". Міндетті екпе не үшін қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Қазақстанда вакцинация мәселесі қызу талқыланып жатыр. Екпеге қарсы шығып, петиция бастағандар да бар. Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцинацияның міндетті емес екенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы вакцинация мәселесі туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Қазақстанда вакцинация мәселесі қызу талқыланып жатыр. Екпеге қарсы шығып, петиция бастағандар да бар. Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцинацияның міндетті емес екенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы вакцинация мәселесі туралы баяндайды.

Вакцинациядан қорқыныш қалай пайда болды?

Әлемде коронавирус тарай бастағанда вакцинацияға қарсы адамдар саны көбейді. Желідегілер билік халыққа вакцина егіп, сол арқылы бәрін бақылап отырады деп топшылаған. Нәтижесінде сол ақпаратты оқыған адамдар вакцинаға жаппай қарсы шыға бастады.

Дүние жүзінде тағы бір кең таралған пікір бойынша, мәжбүрлі вакцинациялау идеясын миллиардер Билл Гейтс бастаған. Желідегілер сол кезде вакцинаны Гейтстің компаниясы жасап, миллиардер қалтасын одан сайын қампайтып алатынына сенімді.


Фото: elements.envato.com

Вакцинациядан қорқыныш Қазақстанда да бар. WhatsApp мессенджерінде халық арасында вакцинацияға қарсы хабарламалар жіберіп жатыр.

Сондай хабарламалардың бірінде белгісіз автор 13 сөйлемнен тұратын мәтінінде пәтердің есігін ешкімге, әсіресе полиция қызметкерлерімен бірге келген дәрігерлерге ашпауға шақырады.

"Олар вирустық инфекцияға тест жүргізіп, арты өлімге әкеп соғатын екпе егеді. Адам жарты жылдан соң ақырындап өледі. Өтінемін, вакцина еккізбеңіздер, әйтпесе бәріміз өзімізді өлім жазасына кесеміз", - делінген жазба үзінділерінде.

Дәл осындай жазба Ресей тұрғындары арасында да тараған. Осындай жазбадағы хабарламалардан соң Қазақстанда вакцинацияға қарсы адамдар саны артқан.

Мәжіліс балаларға екпе егуді міндеттеді

Міндетті екпеге мессенджерлердегі хабарламаларсыз қарсы шыққандар бар. Олар себеп ретінде екпе адамды бақылайды немесе өлтіреді деген пікірлерді келтірмейді. Тек балалардың денсаулығы үшін алаңдайды.  

Кеше, 13 мамырда Мәжіліс депутаттары балаларға міндетті вакцинацияны енгізуді көздейтін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Яғни, ата-ана енді балаларын вакцинациялауға міндеттеледі.

Депутат Зәуреш Аманжолаваның айтуынша, енді екпелер міндетті және ерікті түрлерге бөлінеді.


Фото:elements.envato.com

Міндетті профилактикалық вакциналар бірнеше ауруға қарсы егіледі. Оның ішінде А вирус гепатиті (В15), В вирус гепатиті (B16), В типтегі гемофил инфекциясы (B96.3), дифтерия (A36), жатыр мойнының қатерлі ісігі (C53), көк жөтел (A37), қызылша (B05), қызамық (B06), пневмококк инфекциясы (B95.3), полиомиелит (A80), сіреспе (A33-A35), туберкулез (A15-A19) және паротит (B26) бар.

Кейбір тұрғын міндетті вакцинаға қарсы шығып, бұл шешімді сынға алған. Мысалы, жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы вакцина 11 жастағы қыздарға егіледі. Ата-аналар бұл вакцина бедеулікке әкеледі деп қорқады.

Репродуктолог Владимир Казанцевтің айтуынша, мұндай вакцинадан қорқудың қажеті жоқ.

"Вакцинаның жұмысы қарапайым: құрамында жоғары тазартылған вирус тәрізді бөлшектер бар, олар енгізілгеннен кейін әйелдің иммунитеті қалыптасады, ол вирусты онымен бірнеше рет байланыста болған кезде жояды. Вакцина әйелдің репродуктив жүйесіне әсер етпейді, сондықтан ол жүктілікке қатысты ешқандай проблемаларға алып келмейді", - дейді ол.

Петицияға 170 мың адам қол қойған

Міндетті вакцинацияға байланысты қазір қазақстандықтар петицияға қол қойып жатыр. "Бас тарту құқығы" петициясына соңғы екі аптада 170 мыңнан аса адам қол қойған.

Петиция авторы - Нұр-Сұлтан тұрғыны Марина Шаймаханова. Ол ешқашан вакцинацияға қарсы адам болмаған. Жаңа туған қызына күнтізбеге сәйкес екпе еккізіп отырған. Бірақ қызылша мен қызамыққа қарсы жасалған үндістандық екпеден кейін қызы қайтыс болыпты. Ресми диагноз - жүрек жеткіліксіздігі.

"Барлық медициналық мекеме құжаттарды алуға кедергі келтірді. Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі комитет қызымның өлімін анықтамай жатып, бұл вакцинадан емес деді. Жақында Елжан Біртанов 5-10 жылда екпеден бірде-бір өлім нәтижесі болмады деп айтты, менің ойымша, бұл барып тұрған өтірік", - дейді петиция авторы.


Марина Шаймаханова. © astanatv.kz

"Вакцинация мәжбүрлі болмайды"

Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елде вакцинация мәжбүрлі болмайды.

"Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі болмайды! Бүкіл әлемдегідей бізде де ерікті түрде жасатуға болатын және міндетті вакцинациялар болады. Бірақ әр жағдайда ата-ана өзі шешеді, одан келісім алынады не болмаса бас тартатынын айтады! Вакцинация жасалмаған балалардың құқығына шектеу қоятын ешқандай норма жоқ! Тек бір норма бар, ол ұжымдық иммунитет, яғни балабақшаға баратын барлық баланың денсаулығын қорғайтын иммунитет", - деді министр.

Министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда 4,8 миллион балаға вакцинация жасалса, 6 003 балаға вакцинация жасалмаған. Бұл балалардың тек 0,12 пайыз үлесі болып тұр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети