ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 декабря 2021 | 12:49

2022 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

2022 жылы Қазақстанда АЕК пен ең төмен күнкөріс деңгейі өседі. Осылайша, бірнеше миллион қазақстандықтың жалақысы артады. Tengrinews.kz тілшісі 2022 жылдағы өзгерістер туралы баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылы Қазақстанда АЕК пен ең төмен күнкөріс деңгейі өседі. Осылайша, бірнеше миллион қазақстандықтың жалақысы артады. Tengrinews.kz тілшісі 2022 жылдағы өзгерістер туралы баяндайды. 

Айлық есептік көрсеткіш деңгейі өседі

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) деңгейі өседі. Желтоқсанның басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңге болады. 

Фото: Әлихан Сариев

Ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 36 018 теңге болады.

Ең төменгі жалақы мөлшері артады

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артады. Енді ол 42 500 теңге емес, 60 мың теңге болады. Осылайша, бұрын айына 60 мың теңгеден аз алатын 1 миллион 650 мың қазақстандықтың жалақысы өседі. Одан бөлек бұрын айына 60 мың теңге алып жүрген 2 миллионға жуық жұмысшының да айлығы көтеріледі.  

Зейнетақыға да қатысты өзгерістер бар. Келер жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 19 450 теңге;

Ал ең төменгі зейнетақы 46 302 теңге болады. 

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сәуірде зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өседі

Биыл желтоқсан басында Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті шегі айтарлықтай өсетіні хабарланған. Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтерілетіні айтылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Бірақ бұл шешімді қазақстандықтар сынға алған еді. Себебі көбі зейнетақы жинағын пайдаланып үлгермегенін айтқан болатын. 

Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын пайдаланудың жеткілікті шегін көтеру мәселесін кейінге қалдыруды тапсырған.

"Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды", - деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.  

Зейнетақы жинағының бір бөлігін үй алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, жер учаскесін сатып алуға, емделуге немесе артық соманы басқарушы компанияларға немесе  "Отбасы банктегі" депозитке аударуға болады. 

2022 жылы баспана арзандай ма?

Сарапшылар 2022 жылдың ортасына қарай тұрғын үй нарығындағы сұраныс айтарлықтай төмендейді деп болжап отыр. Баға динамикасы тұрғын үй алаңдарының тапшылығы, құрылыс жұмыстарының құны, сондай-ақ халықтың зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігіне байланысты болып отыр.

Ал таяуда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баспана арзандайтынын мәлімдеді.

"Арзандайды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Министр ретінде осы мәселемен жұмыс істеймін. Жасанды интеллект кейбір компанияларда сатылған әрбір пәтерден кейін бағаны көтерген кезде сабын көпіршігіндей болуы - дұрыс тәсіл емес", - деді Атамқұлов.

Министр қазір монополияға қарсы комитетпен бірлесіп бағаларды реттеу үшін шаралар кешені қаралып жатқанын айтты.

Істен шыққан көліктерді қабылдау басталады

2022 жылдың 5 қаңтарында істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау қайта басталады. Енді 5 қаңтардан бастап көлік қабылдаудың электрон кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет жұмысын бастайды. 

Істен шыққан көлік құралын өткізгені үшін 2022 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгеруіне байланысты, көлік санаты мен жиынтығына байланысты 165 402 теңгеден бастап 606 474 теңгеге дейінгі аралықта ақшалай өтемақы беріледі.

Кейін қабылданған техниканың бәрі Қарағанды зауытына кәдеге жаратуға жіберіледі.

2022 жылы Қазақстанда не қымбаттайды?

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев Tengrinews.kz тілшісіне келер жылы не қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Ол қазақстандықтар келесі жылы "бәріне", мысалы, азық-түліктің қымбаттауына дайын болуы керек екенін айтты. Негізінен, картоп қымбаттауы мүмкін.

"Бүкіл әлемде азық-түлік өнімдері қымбаттап жатыр. Әлемде баға 40 пайызға дейін өсті. Біздің елде  баға бір жылда 11 пайызға ғана өсті. "Картоп дағдарысы" қайтадан қайталанса, ол шілдеде келеді. Бұл тұрақтандыру қорлары жұмысын дұрыс реттемеген жағдайда. Сонымен қатар, дүние жүзінде жемшөп бағасы өсті, яғни көктемде, жазда жұмыртқа және ет бағасы өседі. Жалпы, мал азығы қымбаттайды", - деп бөлісті Чеботарев.

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Андрей Чеботарев бүкіл әлемде экономиканың жандануы аясында әртүрлі салада қымбатшылық байқалатынын, соның ішінде, оның пікірінше, энергетикалық дағдарысты да ұмытпау керек: мұнай мен көмір де қымбаттауы мүмкін.

"Сонымен қатар, бензин де, дизель отыны да қымбаттайды. Бензин қымбаттайды, өйткені бүкіл әлемнен артта қалып отырмыз. Бұдан басқа, 2025 жылы ЕАЭО шеңберінде энергия ресурстарының бірыңғай нарығы күтіп тұр. Бізде Ресеймен бірыңғай отын нарығы болады. Қазір Ресейде бензин қанша тұрады - 250-270 теңге. Бұл баға бізге біртіндеп келеді", - деді Чеботарев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer