ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 декабря 2023 | 09:48

2023 жылы Қазақстанда қандай есімдер жиі қойылды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ата-ана жаңа туған балаға есім таңдау кезінде оның мағынасы аса ден қояды. Сол адамға ұқсайтын тұлға болып өссін деп танымал адамның есімін қоятындар да бар. Дегенмен мән-мағынасына үңілмей, танымалдылыққа ие есімдерді қоя салатындар да аз емес. Қазақстанда 2023 жылы ең жиі қойылған есімдер қандай? Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп, биыл елімізде жиі қойылған ұлдар мен қыздар есімдерін ұсынып, олардың мағынасын ашуға тырысты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ата-ана жаңа туған балаға есім таңдау кезінде оның мағынасы аса ден қояды. Сол адамға ұқсайтын тұлға болып өссін деп танымал адамның есімін қоятындар да бар. Дегенмен мән-мағынасына үңілмей, танымалдылыққа ие есімдерді қоя салатындар да аз емес. Қазақстанда 2023 жылы ең жиі қойылған есімдер қандай? Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп, биыл елімізде жиі қойылған ұлдар мен қыздар есімдерін ұсынып, олардың мағынасын ашуға тырысты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

2023 жылы қойылған ең танымал 10 ер есімі:

Әлихан (Алихан) - 2848 сәбиге қойылған. Араб тілінен енген "ғали" мен хан сөздерінің қосындысынан пайда болған есім. Ғали - "әлидің" синонимі, яғни, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді. Ал хан - хандық мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі. Қазақ халқында хан сөзімен аяқталатын есім өте көп.

Омар - 2362 сәбиге қойылған. Бұл арабша есім, араб тіліндегі нұсқасы - Ғұмар. Түбірі "өмір, ғұмыр" деген ұғымнан саянған.

Сонымен қатар, бұл есімнің мұсылман халқының арасында танымалдылыққа ие болуының бір себебі, арабша мағынасында емес, төрт шадиярдың бірі, ардақты сахаба, алланың сүйген құлы Хаттаб ұлы Омардың есімі болғандықтан деген де пікір бар.

Айсұлтан - 2268 сәбиге қойылған. "Ай" мен "сұлтан" сөздерінен құралған бұл есім сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен - "билеуші, әкім" деген мағынаны білдіреді.

Әмір (Амир) - 2162 сәбиге қойылған. Бұл парсы және араб тілдерінен шыққан қазақ есімі. Есімнің мағынасы екі бағытта жүреді, мысалы, біріншісі - билеуші, бұйрық беруші; екіншісі - әмiршi, мемлекеттік басшы, әскери басшы. Әмір есім барлық мұсылман халқында кездеседі.

Алдияр - 2035 сәбиге қойылған. Алдияр сөзі парсы тілінде "алла жар болсын" деген мағынаны білдіреді. Алдияр сөзі қазақ халқының арасында ислам дінінің ықпалымен қалыптасқан. Оның қазақша мағынасы - бағыныштылық, жалыныштылық, кішілік, әдептілік.

Ал араб-иран тілінде "аллайар" - алланың досы, тақсыр, ұлы мәртебелі.

Мұхаммед - 1928 сәбиге қойылған. Мұхаммед есімі мұсылман халқы арасында кең таралған. Бұл сөз тоқтаусыз, тынымсыз, әрдайым мақталатын, сондай-ақ мақтауға тұратын сипаты, қасиеті және ісі өте көп, артықшылыққа ие, дәрежесі биік деген мағына білдіреді. Қазақ халқы бұл есімді әйгілі Мұхаммед пайғамбарымыздың құрметіне қояды деген пікір бар. "Мұхаммед" – Хақ елшісінің ең ұлық әрі әйгілі есімі.

Алан - 1900 сәбиге қойылған. Қазақ халқында жолбарыстың күшігін алан деп айтады. Сондықтан ел ішінде дүние есігін жаңа ашқан сәби қайратты, жолбарыс жүректі болсын деп осы есімді береді.

Бұл сөздің араб, көне славян тілдерінде де бірнеше нұсқасы бар.

Әли (Али) - 1768 сәбиге қойылған. "Әли" араб тілінен аударғанда зор, заңғар, биік деген мағына береді. Бұл есімнің атауы көптеген мәдениетте әйгілі және сүйікті араб есімінің бірі болып саналады.

Сондай-ақ, "Әли" есімі негізінен ислам дінінен бастау алады, өйткені ол Ислам тарихындағы басты тұлғалардың бірі болып саналатын Әли бин Әби Талиб тұлғасымен байланысты.

Нұрислам - 1549 сәбиге қойылған. "Нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.

Хамза - 1468 сәбиге қойылған. Бұл есім Хама сөзінен шыққан, мағынасы өз ісіне берік, берік дегенді білдіреді. Хамза есімі шәһидтердің шебері және пайғамбардың ағасы ретінде танымал Хамза бин Абдул Мутталибке қойылған ер есімі.

Психологтардың мәліметінше, Хамза - арыстандарға қойылған есім, бұл есіммен аталған адамның батыл, қайратты адам екені жиі кездеседі және оның есімінен көптеген еркектік қасиетті алады екен.

2023 жылы қойылған ең танымал 10 әйел есімі:

Медина - бұл биыл ең көп қойылған әйел есімі, барлығы 5307 сәбиге қойылған. Араб тілінен аударғанда "қала" деген мағынаны береді. Мұсылман халқының қасиетті қаласы болып саналатын Мадинат ән-Нәбий "Пайғамбар қаласы" тіркесінен алынған. Қала - дін мен мәдениеттің көрсеткіші. Көп үлгі тұтар зиялы болсын деген ниетпен қойылатын есім. Осы себеппен қазақстандықтар арасында бұл есім танымалдылыққа ие болса керек.

Айша - 4390 сәбиге қойылған. Араб тілінен алғанда гайшә, көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар деген мағына береді. Сонымен қатар, Айша мұсылмандар арасында Мұхаммед пайғамбардың сүйікті жұбайы, жанқияр көмекшісі әрі оның хадистерінің жеткізушілерінің бірі болғандықтан танымал.

Асылым - 4139 сәбиге қойылған. Асылым есімінің түбірі асыл сөзінің мағынасы, түп-төркіні "текті, бекзат" дегенді білдіреді. Ел аузында қазақтар бұл есімді қызына қою арқылы оның қаншалық бағалы, құнды, сыйлы екенін көрсеткісі келеді деген әңгіме бар.

Айлин - 4063 сәбиге қойылған. Бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады деген мәлімет бар. "Ай нұры" деген мағына береді. Айлин есімі әйел энергиясымен, сұлулығымен және түнгі жарықтың құпиясымен тығыз байланысты. Astromeridian мәліметінше, Айлин есімі қасиетті құран кітапта "жұмақтағы ағын" дегенді білдіреді.

Еуропалық дәстүрде бұл есім норманның Эйлин, ағылшынның Илен және гректің Илин есімімен байланысты.

Раяна - 3019 сәбиге қойылған. Раяна есімі біздің елде ғана емес, барлық мұсылман халқында, европалық, ағылшын және ирландық мәдениетте де жиі кездеседі. Ал есімнің шығу тарихы Араб мәдениетінен бастау алған. Араб тіліндегі "Раян" ер азамат есімінің өзгерген нұсқасы - "Раяна". Отандастарымыз қасиетті Рамазан айында дүниеге келген нәрестенің атын ырымдап "Раяна" қояды екен.

Раяна есімі мұсылман жұмағына апаратын бес есіктің бірі - "Ar-rayan" атауынан шыққан деседі, яғни бақыт пен ең жоғары бақытты бейнелейді. Ал түркі тілінде "raīana" - үйлесімді, дамыған, толыққанды дегенді білдіреді. Араб елінде "Раяна" сөзі мол жеміс, құнарлы, шырынды деп аударылса, гэль тілінде "raỹ' ana " сөзі су, реактивті дегенді білдіреді. Ирланд терминінде "rayan" деп патша мен князьдерді атаған, олар корольдік, асыл деген мағынаны білдіреді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer