ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
16 октября 2020 | 13:09

"3 жылда 3,5 мың маман". Шетелге көшетін медицина кадрлары жыл сайын артып барады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстаннан жыл сайын шетелге кететін медицина кадрларының саны артып жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстаннан жыл сайын шетелге кететін медицина кадрларының саны артып жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дефицитке әкеп соғатын медициналық кадрлардың жұмыстан шығуының негізгі себептерінің бірі - сыртқы миграция, яғни медициналық кадрлардың елден кетуі. Бүгінде медициналық кадрлар көп көшіп кеткен үш өңір: Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Қарағанды облысы болып отыр. Бұл үш өңір медициналық кадрлардың сыртқы миграциясы бойынша көш бастап тұр. 2017 жылы орташа есеппен 1062 адам, 2018 жылы 1225 кадр, 2019 жылы 1212 қызметкер Қазақстан шекарасынан шығып кетті", - деді бас директор ОКҚ онлайн-брифингте.

Қанат Төсекбаев кадрлардың шетелге қоныс аударуының себебін түсіндірді.

"Кадрлардың кетіп қалу себебі - мотивация беретін тиімді механизмнің жоқ болуы, психо-эмоционалдық жүктеме, кәсіби түрде даму мүмкіндігінің жоғы, құқық қорғау деңгейінің төмендігі, әлеуметтік кепілдіктің толық болмауы", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети