ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
17 июля 2019 | 21:06

"40 жылда ауырып-сырқадым дегенді көрмедім". Шаңырақ тұрғындары неге суды даладан ішіп жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tenginews.kz © Tenginews.kz

Алматының Шаңырақ ықшам ауданында адам үзілмейтін су қайнары бар. Қашан барсаң қолына үлкенді-кішілі құты ұстаған жұрт кезекте тұрады. Бұл қайнар 1982 жылы жүгері суаруға арнайы қағылып, содан бері қысы-жазы үзілмей ағып тұр. Tengrinews.kz тілшісі бұл су қайнарының тарихы жайлы жергілікті тұрғындардан сұрастырды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының Шаңырақ ықшам ауданында адам үзілмейтін су қайнары бар. Қашан барсаң қолына үлкенді-кішілі құты ұстаған жұрт кезекте тұрады. Бұл қайнар 1982 жылы жүгері суаруға арнайы қағылып, содан бері қысы-жазы үзілмей ағып тұр. Tengrinews.kz тілшісі бұл су қайнарының тарихы жайлы жергілікті тұрғындардан сұрастырды.

Шаңырақ өңірінде тұрып жатқанына 26 жылдан асқан жергілікті тұрғын Шолпан Бостанқызы бұл қайнар көздің суы 89 метр тереңнен шығатынын айтады.

"Совхоздар құрып біткен уақытта бұл жерде ештеңе жоқ болатын, тек су болды. Сол уақыттардағы үлкен қариялардан естігеніміз бойынша, бұл су 1982 жылы пайда болған. Мұнда су 89 метр тереңнен шығады. Бұл таудың суы", - дейді ол.

Оның айтуынша, сол жылдан бері бұл суды ішкеннен кейін ауру жұқтырдым деген адамды көрмеген. 

"Бұл судың емдік қасиеті бар. Таңертең тұрып ашқарынға да ішеміз, ойнап жүрген балаларымыз да осы жерден су ішеді. Ешкім де ауырып-сырқадым демеді. Тастай қылып ішкенде де тамағың ауырмайтын бір қасиеті бар. Өте жұмсақ су. Судың қаттысы, биязысы, тұздысы, жұмсағы болады", - дейді Шолпан Бостанқызы.

Сондықтан зейнеткер бүгінде өз күшімен судың басына тас төсеп, жан-жағын тазалап, құбырын ауыстырып тұратынын айтады. "Әзірше мүмкіндік болмай жүр, Алла қаласа, күн салқындай бастағанда төрт бағанын қойып, халық игілігіне арнап, үстін жабамыз деп ойлап отырмыз. Өзіміз табиғатқа дұрыс көзқарасымыз болса, бір-бірімізге мейіріміміз болса, әлбетте табиғат та бізге сыйын береді", - дейді тұрғын.

"Қысы-жазы су тоқтамайды. Бетін жаппай кететіндер бар, солардың кесірінен айналасы қыста мұз айдынына айналады. Бірақ көпшілік бетін жауып жүреді. Суды ағызу үшін арнайы жолын жасап қойдық, арыққа кететіндей. Бұл суды шайға қайнатып ішсе шөлің қанады. Шәйнек түбінде қақ та қалмайды", - дейді су алуға кезекте тұрғандардың бірі.

Тұрғындар көбінде флягамен, 5-6 литр құтылармен су алуға келеді. 

Ал түнгі уақытта тұрғындар құбырды арнайы бөлігіне бекітіп кетеді екен.

Тұрғындар бұл жерде судың бір ғана зияны болуы мүмкін екенін айтады. Ондағысы егер су құбыры былғанып, мал мен ит жалап кетсе, ауру тарауы мүмкін. 

Аты-жөнін атағысы келмеген қария мұнда арбамен келетінін, 1995 жылдан бері су алып жүргенін әңгімеледі. Алайда таза суды қауіпті деп жауып тастаса дұрыс болмайды дейді. Оның орнына қария бұл орынды абаттандырып, халық игілігіне беру керек.

"Инфекция, тағы басқа бәле деп, бұл орынды жауып тастаса обал болады. Оның орнына қазақтың "Бұлақ көрсең көзін аш" деген тәмсілімен абаттандырып, маңына гүл өсіріп, көрікті мекенге айналдыруға болады. "Шаш ал десе, бас алады" дегенге салмаңдар, осыны да қоса айтып барыңдар", - деп уайымын айтты ақсақал.

Қайнар басына жол-жөнекей өтіп бара жатқандар да тоқтап, шөлін басып, буырқанып қайтады. Көшеде ойнап жүрген балалар да кезекке тұрып, су ішті. 

Біз қайтарда да көлік те, адам қатары да сиремеді. Алматылықтар бұл бұлақ басына қаланың түкпір-түкпірінен келіп, құтыларына су толтырып қайтады. 

Tengrinews.kz тілшісі қайнардың суын тексерту үшін арнайы органдарға сауалхат жолдады.

Мақаланы дайындағандар: Андрей Зайцев, Жасұлан Нұрқасымов

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети