ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 июля 2020 | 15:39

42 500 теңге алу үшін қайтадан бірыңғай жиынтық төлем талап етілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шілде айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемді қайтадан төлеудің қажеті жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Шілде айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемді қайтадан төлеудің қажеті жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өз бетінше жұмыспен қамтылып жүрген азаматтар өткен жолы 42 500 теңгені алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасады. Бұл жолы БЖТ төлем жасаудың қажеті жоқ. Ондай талапты қоймаймыз. Өткен жолы төледіңіздер, сол жеткілікті. Ол мәліметтер бізде бар. Сондықтан бұл жолы өтініш тастап, БЖТ-ні ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ, ал төтенше жағдай кезінде бір рет төлегендерді өз тарапымыздан жүйелермен тексеріп аламыз. Біздің жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысып жүр ме немесе зейнетақы, жәрдемақы алып жүр ме дегендей. Сондай тетіктерін біз бір-екі күннен кейін тағы хабарлаймыз", - деді министр.

Біржан Нұрымбетов бұл жолы да әлеуметтік төлемге өтініш берудің үш жолы барын айтты:

  1. 42500.enbek.kz порталы
  2. eGov электрон үкімет порталы
  3. Өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін телеграм боттар.

Айта кетейік, бұл порталдар жұмадан, 17 шілдеден бастап жұмыс істейді. 

Еске салайық, бұған дейінгі 42 500 теңгені алудың екінші талабы бойынша, соңғы 12 айда Әлеуметтік сақтандыру қорына ең болмаса бір әлеуметтік төлем немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір зейнетақы аударымы жасалуы тиіс болған. Бұл жағдайда талаптың енгізілу себебі - ақша кассадан беріле салмайды, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді.

Бірақ көптеген адамда мұндай әлеуметтік аударымдары жоқ болды, болмаған да болуы мүмкін. Себебі, ол адамдар бейресми жұмыс істеген, олардың еңбек келісімшарттары жоқ, салық та, ешқандай аударымдар да төлемеген, алайда олар үшін де 42 500 теңге алу мүмкіндігі болды. 

Ол үшін бірыңғай төлемді төлеу жеткілікті болды - ол қалалықтар үшін 2651 теңге, ауыл тұрындары үшін 1325 теңге. Бір рет төлем жасаған соң азаматтар келесі күні ай сайын 42 500 теңге алу мүмкіндігіне ие болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.34   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети