ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
13 апреля 2020 | 11:47

42 500 теңгеге өтінішті қайтыс болған адамның атынан бергендер бар - министр

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Елімізде қайтыс болған және елден көшіп кеткен адамдардың атынан 42 500 теңге төлемақы алуға өтініш берген жағдайлар кездескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде қайтыс болған және елден көшіп кеткен адамдардың атынан 42 500 теңге төлемақы алуға өтініш берген жағдайлар кездескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ел тұрғындарынан мұндай "жалған" өтініш бермеуді сұрады. Себебі бұларды қарау уақытты алады.

"Қайтыс болып кеткен адамдардың атынан, Қазақстаннан тыс көшіп кетіп, шетелде тұрып, азаматтықтан айырылған адамдардың атынан беріп жатқан өтініштер кездесіп жатыр. 378 адамға осындай өтініштер берген. Сондықтан біз осының бәрін тексеріп алуымыз керек, тексеруге мәжбүрміз. Сол түскен 4 миллион 900 мың өтініштің барлығын ақпарат жүйелері арқылы тексеріп шығуымыз керек. Бірақ соңғы екі күнде төлемдер тағайындалып жатыр. Мысалы, кешегі бір күннің өзінде 901 мың адамға тағайындалды", - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Еске салайық, бұған дейін еңбек министрі 42 500 теңге төлемақыны алуға 5 миллионға жуық адам өтініш бергенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети