ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА КАНАЛ TENGRI LIVE

42 500 теңгені заң бойынша дұрыс алса да қайтарған адам қайтадан жәрдемақыны ала ала ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді дұрыс алса да, қайтарып қойған адам қайтадан жәрдемақыны алу мүмкіндігі бар-жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді дұрыс алса да, қайтарып қойған адам қайтадан жәрдемақыны алу мүмкіндігі бар-жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің сөзінше, әлеуметтік төлемді заң бойынша алып, оны қайтарып жіберген адам ол үшін арнайы электрон поштаға жағдайды түсіндіріп, хат жазуы керек. 

"Әлеуметтік төлемді қайтару бойынша, ештеңені қайтармауыңыз керек еді. Әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар адамдардан оны қайтаруды ешкім талап еткен жоқ. Тағы да қайталап айтамын, ешкім оны қайтаруға тиіс емес. Бүгінде жұмыс берушілерге мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрған, тұрақты жалақы алып жүргендер алса ғана төлемді қайтаруы тиіс. Сондықтан бұл жағдайда [email protected] және [email protected] электрон пошталарына хат жазыңыз. Сосын біз сіздің жеке өтінішіңіз бойынша талқылап, қайта төлеуді қарастырамыз", - деп түсіндірді министр ОҚК брифингінде. 

42 500 теңге: министр жәрдемақыны қайтаруға қатысты мәселенің нүктесін қойды

Еске салайық, бүгін Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді. Министр 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдерден талап етілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, жұмыс берушілерге мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрған, тұрақты жалақы алып жүргендер алса, бұл заңбұзушылыққа әкеп соғады. Ол - дұрыс емес. Ақысыз демалысқа жіберілмегендерге сұрау жасалады да, қайтаруды талап етеді кейін.

"Тағы да қайталап айтамын, тек жалдамалы қызметкерлер, ақысыз демалысқа шықпағандарға сұрақ бар. Олар заңсыз алған", - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer