42500 теңгеге өтінім жіберу 17 шілдеде басталған. Егер сіз проактивті түрде таңдалмасаңыз, өтінімді өз атыңыздан жіберуге болады. Бүгінге дейін 42500 теңгеге өтінім жібергендердің басым бөлігі Egov.kz порталы және telegram-боттарды таңдаған. Tengrinews.kz тілшісі жәрдемақыға өтінім жіберу жолдарын ұсынады.
42500 теңгеге өтінім жіберу 17 шілдеде басталған. Егер сіз проактивті түрде таңдалмасаңыз, өтінімді өз атыңыздан жіберуге болады. Бүгінге дейін 42500 теңгеге өтінім жібергендердің басым бөлігі Egov.kz порталы және telegram-боттарды таңдаған. Tengrinews.kz тілшісі жәрдемақыға өтінім жіберу жолдарын ұсынады.
Алдымен проактивті форматтағы төлем дегенді түсіндіріп өтейік. 16 шілдеде 42500 теңге мөлшеріндегі бірреттік көмекті төлеу бойынша автоматты түрде жәрдемақы тағайындауға жататын азаматтарға проактивті SMS тарату жұмысы басталған.
Яғни, SMS келген тұрғындарға өтінім жіберудің қажеті жоқ. Тек табысынан айырылып, төлемді қажет ететінін растаса болғаны. Ол үшін SMS-ке "1" деп жауап қайтарса, жеткілікті.
Ал егер ешқандай SMS келмесе, өтінім жіберу оңай. Соның жолдарын ұсынамыз.
Egov.kz порталы арқылы
Алдымен Egov.kz сайты арқылы өтінім жіберу жолдарын қарастырайық. Порталдың жоғары оң жақ бұрышында "Кіру" батырмасын басып, жүйеге кіру үшін өз мәліметтеріңізді толтыруыңыз қажет.
Артынша сізге сайттың басты беті ашылады. Сол жақтан "42500 төлеу" сервисін таңдау қажет. Мұнда ашылған жаңа бетте "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
Экраныңызда төлем тағайындау туралы алғашқы қадам ашылады. Мұнда өзіңіздің ЖСН нөміріңізді жазып, қай санатқа кіретіңізді таңдауыз керек.
42500 теңге төлемі түрлі санаттағы адамдарға беріледі. Оның ішінде жұмыс беруші не өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға санаттары бар. Біз екінші санатты таңдайық. Ол үшін жеке практикадағы тұлға (ЖПТ) деген жазбаны басыңыз.
Кейін төменде келтірілген мәліметтерді толтырып, "Сұраныс жіберу" батырмасын басыңыз. Сіздің 42500 теңгеге өтініміңіз жіберілді.
Telegram-бот арқылы
42500 теңгеге өтінімді Telegram-бот арқылы да жіберуге болады. Мұнда әр өңірге арналған арнайы бот бар. Өз қалаңыздың Telegram-ботын жоғарыда айтылған Egov.kz порталының "42500 төлеу" сервисінің төменгі жағынан таба аласыз.
Өз аймағыңыздың Telegram-ботына кірген соң, сонда "/start" деп жазуыңыз қажет. Көп жағдайда, бот сізге мәліметтерді орыс тілінде сұрайды. Алғашқы сұраққа өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға болсаңыз, "самозанятый" деп жазыңыз. Артынша рет-ретімен келген сұрақтарға ЖСН нөміріңізді және банк есепшотының нөмірін (IBAN) толтырыңыз. Кейін өзіңіздің электрондық поштаңыз бен телефон нөміріңізді жазасыз.
Соңында "Өтінімді растау" не орыс тілінде "Подтвердить заявку" деген батырманы таңдаңыз. Өтініміңіз жіберілді.
Өтінім жіберудің ең оңай әрі жылдам тәсілі - осы Telegram-бот. Барлық мәліметті бірге жазатындықтан, бот уақытыңыздың 1-2 минутын ғана алады.
42500 теңгеге қанша өтінім түскен?
Өтінімді 42500.enbek.kz порталы арқылы да жіберуге болады. Бірақ статистикаға сүйенсек, қазақстандықтар бұл порталды сирек қолданады. Өтінімдердің он пайыздан астамы ғана осы порталмен жіберілген екен.
Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің мобиль қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы да өтінім жіберуге болады. Бүгінде мұндай функция Kaspi.kz не Homebank секілді қосымшаларда бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігінің мәлімдеуінше, біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 миллион 567 мың бірегей өтініш қабылданған. Оның ішінде 1 миллион 169 мың адамға 42500 теңге көлемінде төлем берілген.
Төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 567 мың өтінімнің ішінде:
- 755,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
-383,7 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
-117,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
-310,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.