ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 октября 2020 | 14:34

"42500 теңгені қайтару және у шашатын ұшақтар" - Қазақстанда тараған жалған ақпараттар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтау тұрғыны ұшақты видеоға түсіріп, оны у шашып жатыр деп айтқан. Хабарлама WhatsApp мессенджерінде тараған. Кейін әкімдік оның жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Мұндай ақпараттар қазанда көп болды. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау тұрғыны ұшақты видеоға түсіріп, оны у шашып жатыр деп айтқан. Хабарлама WhatsApp мессенджерінде тараған. Кейін әкімдік оның жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Мұндай ақпараттар қазанда көп болды. Tengrinews.kz тілшісі желіде қазақстандықтар таратқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Ақтауда ұшақ у шашып жатыр" - фейк

Ақтау қаласының тұрғыны ұшып бара жатқан ұшақтың қызғылт-сарғыш түсті ізін видеоға түсіріп алды. Кадрлардан ұшып бара жатқан ұшақтың артынан із қалғаны көрінеді.

"Міне, 13 қазан, 2020 жыл. У шашып жатыр ғой, адамдар ауырмай қайтеді. Аспанда тікұшақпен былай-былай айналып, у шашып жүр. Міне, қараңыздар", - дейді видеодағы әйел даусы.

Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері бұл видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сүлейдің айтуынша, ешқандай химиялық заттар себілмеген, ал аспанда ізді жолаушылар ұшағы қалдырған.

"Ақтау әуежайы қаланың өзінен 20 шақырым жерде орналасқан. Камера дәл сол жаққа бағытталған. Бұл видео күн батарда түсірілген, сондықтан түсі қызыл болып көрінеді. Бірақ бұл азаматтық ұшақтан шыққан із. Соңғы уақытта бізде авиация қатысатын жаттығулар болған жоқ", - деп түсіндірді облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ұшақтың конденсациялық ізі - ұзақ уақыт бойы жерден айқын көрінетін ақ түсті жолақтар.

"42500 теңгені қайтару керек" - фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде төтенше жағдай режиміне байланысты табысын жоғалтқандарға төленген 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдерді қайтару қажет деген қауесет тарады.

Желі қолданушылары банктердің мобильдік қосымшаларындағы "Әлеуметтік көмекті қайтару" парақшаларының экраннан түсірілген суреттерін жіберіп жатыр.

Stop Fake мәліметінше, мемлекеттен алынған қаражатты қайтаруға болады. Бірақ, міндетті емес.

"Төтенше жағдай режимі кезінде кейбір азаматтар 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған. Өйткені олар табысын жоғалтқан жоқ. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында азаматтарға заңсыз алған қаражатты қайтаруға мүмкіндік беретін функционал қарастырылған. Төлемдер төлене басталғалы шамамен 180 000 адам оны қайтарды. Бұл ерікті түрде жасалады және МӘСҚ бәрінен төленген ақшаны қайтаруды талап етеді деген сөз емес", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец.

"Семей карантинге жабылады" - фейк

Ал Семей тұрғындары WhatsApp мессенджерінде аспалы көпір бойымен қозғалған әскери техника бағанының кадрларын таратып жатыр. Видео авторы қаланың жабылатыны пікірін айтады.

"Қазір Семейге толық техника бағаны кірді. МАИ қызметкерлерінен сұрасам, олар: "Блокбекеттер қойылады" дейді. Ертең осы қала аумағынан шыға аламыз ба, жоқ па - белгісіз. Мұнда палаткалар бар, су әкелініп жатыр", - дейді видеодағы дауыс.

Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтады.

"Мұның бәрі жалған ақпарат. Бізде қаулы жобасы жоқ. Әзірге ешқандай өзгеріс жоқ", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Бағлан Тауанов.

Ол әскери техниканың жаттығулар өткізу үшін келгенін айтты.

"Оңай" карталары бұғатталады" - фейк

Желі қолданушылары ескі үлгідегі "Оңай" әлеуметтік карталарын ауыстыру қажет екені туралы ақпарат таратты.

WhatsApp-та тараған хабарламада ескі үлгідегі "Оңай" карталары жақын арада бұғатталады және оларды жедел түрде ауыстыру керек деп айтылады. Хабарламада телефон нөмірлері мен мекен-жайлар айтылған.


Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы көлік холдингі карталарды ауыстырудың қажеті жоқ екенін және олардың бұғатталмайтынын хабарлады.

"Бұл ақпарат жалған. Әрине, жүйенің белгілі бір жағдайларында карталарды қайта шығару қарастырылған. Бірақ ол кезде байланыс орталығының операторлары жолаушыларға тікелей және/немесе ONAY ұялы қосымшасына хабарлама жібереді. Біз алматылықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуын сұраймыз", - деді ұйымның баспасөз қызметіндегілер.

"Қоғамдық көліктер денсаулыққа қауіпті заттармен өңделеді" - фейк

Желіде Қазақстанда қоғамдық көліктерді дезинфекциялау кезінде денсаулыққа қауіпті заттармен өңделетіні туралы ақпарат тарады.

Хабарламадағы фотода қолданылатын заттың құтысы көрсетілген. "Продез" деп аталатын құрал Беларуссияның "БелАсептика" зауытында шығарылады.

Желіде тараған ақпаратта "Продез" туралы Википедиядағы мәлімет қызыл сызықпен белгіленген. Онда "бұл құралдан соң өкпеге зиян келетіні жазылған".

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл заттың Қазақстанда қоғамдық көлікті өңдеу үшін қолданылатыны туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Бұл дезинфекциялық құрал Қазақстанда тіркелмеген. Бізде қолдануға ұсынылған дезинфекциялық заттардың тізілімі бар, онда "Продез" жоқ. Оны еліміздің бірде-бір өңірінде пайдаланбайды", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев Stop Fake сайтына.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекцилау құралының адамдар үшін қауіпсіз екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer