ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 февраля 2021 | 11:11

"46 секундта 33 мың нәтиже". Сенатор докторлық жұмысты жазып беретіндер көбейгенін айтты

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Интернеттен докторлық диссертацияны сатып алу оңай. 46 секундта 33 мың ұсыныс шықты. Яғни елде мұндай жұмысты жазып беретіндер көп. Сенат отырысында депутат Сәуле Айтбаева осындай мәлімдеме жасап, Білім және ғылым министрлігінен бұл мәселемен қалай күресетінін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Интернеттен докторлық диссертацияны сатып алу оңай. 46 секундта 33 мың ұсыныс шықты. Яғни елде мұндай жұмысты жазып беретіндер көп. Сенат отырысында депутат Сәуле Айтбаева осындай мәлімдеме жасап, Білім және ғылым министрлігінен бұл мәселемен қалай күресетінін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Интернетте Google-дан "докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алу" деп іздегенде 46 секунд ішінде 33 мың нәтиже шықты. Бұл Қазақстанның өзінде. Мысалы zakaz.kz сайтында кандидаттық диссертацияны іздегендер үшін "уақытыңызды үнемдейміз, керегін аласыз" деп жазылып тұрады. Уақыты, бағасы жазылып тұр. "Оны ғылым кандидаты, докторы жазады, ВАК журналына ғылыми мақала жариялауға көмектесеміз, келісімшарт жасаймыз" деп көрсетіледі. Содан кейін студенттер, магистранттар, ересек адамдар плагиат оңай болып кеткені, бақылаудың азайғаны туралы жазады. Тек бір ғана парақ тексерілетінін, бәрі оңай өткенін, ғылыми жетекші жазып беретінін көрсетеді. (...) Сондай-ақ интернетте Қазақстандағы ғылым, жаңашылдықтар туралы мақала аз. Осыған байланысты министрлік қандай жұмыс істеп жатыр? Заңнамалық нормаларға академиялық этика, ғылыми жұмыс авторының құқығы туралы қандай өзгерістер енгізілуі мүмкін?", - деді депутат Сәуле Айтбаева Сенат отырысында.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова қазір елдегі ғылыми қызметкерлер жұмысының халықаралық журналдардағы мақалалармен сәйкестігі тексерілетінін атап өтті.

"Шынымен, сіз айтқан мәселені БҒМ көріп отыр, мониторинг жасайды. БҒМ-ның жыл сайын қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілері зерттеу авторлары, ғылыми ұйымдарға, ғылыми дәреже беру талаптарына бағытталады. Плагиатқа және ғылыми мақалалардың мәтінін оқуға қатысты айтар болсақ, бірнеше талап қатаңдатылды. Егер деректерге сүйенсек, жыл сайын докторантураға түсу үшін шамамен 2 мың грантқа қаражат мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бұдан бөлек өз ақшасына түсетіндерді қарасақ, 200-ден аса маман ғылыми дәреже алу үшін докторантураға түседі. Қазіргі жағдай осылай. Жылына 200 ғылыми жұмыс жарияланады. Бұл қазіргі 20 мың ғылыми қызметкерге шаққанда аз. Сондықтан талаптарды қатаңдатып, қазақстандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарын халықаралық журналдардың мәтімен салыстыруды қарастырып отырмыз", - деп жауап берді Шолпан Каринова.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев вице-министрдің жауабына "қанағаттанбай", нақтырақ айтуды сұрады.

"Шолпан Қанатқызы, нақтылау айтыңыз. Плагиат деген ғылымда өте маңызды, ғылыми ортада "қылмыс" болып саналады десек те болады. БҒМ плагиатпен күресу үшін нақты не істеп жатыр?", - деп сұрады ол.

Вице-министр бұл бағытта Бас прокуратурамен жұмыс істеп жатқанын және былтыр антиплагиаттың бірыңғай жүйесі енгізілгенін атап өтті.

"Иә, мұндай жұмыс жүріп жатыр. Бас прокуратурамен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Өткен жылы мемлекеттік мекемелерде антиплагиаттың бірыңғай жүйесі орнатылды. Осы мәселені барынша азайту үшін бұл практиканы жалғастырамыз", - деді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer