ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 февраля 2020 | 13:09

50 жылдан соң қазақ жері шөлге айналады - биолог

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Youtube/SkyViewKz © Youtube/SkyViewKz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Келіс Жайлыбай 40-50 жылдан кейін қазақ жері шөлге айналып, еліміздің басым бөлігі қуаңшылыққа ұшырайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Келіс Жайлыбай 40-50 жылдан кейін қазақ жері шөлге айналып, еліміздің басым бөлігі қуаңшылыққа ұшырайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келіс Жайлыбайдың сөзінше, орны толмас жайттарға ұшырататын экологиялық апаттың алдын алу үшін бірнеше шараны қолға алу керек.

"Қуаңшылықты болдырмаудың және оның қолайсыз әсерін азайтудың қарапайым екі жолы бар. Біріншіден, атмосферадағы көмірқышқыл газдарының арақатынасын дұрыс сақтап, экологиялық дағдарыс жағдайларының алдын алу үшін мұнай өнімдері мен көмірді жағу мөлшерін азайтып, балама энергияны көбірек пайдалану керек. Екіншіден, Қазақстан аумағында емен, арша, акация, бозарша, үйеңкі, каштан, жиде, қарағаш, терек сияқты ағаштарды көптеп өсіру керек. Бұл өскіндер күшті фотосинтездеуші әрі ұзақ жыл өмір сүреді", - дейді ғалым.


© Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Ғалымның айтуынша, қоршаған ортаны сақтау үшін жастарды экологиялық патриотизмге тәрбиелеп, ағаш отырғызуға көпшілікті жаппай тарту қажет. Бұл іске әсіресе ауыл елді мекендердегі мектеп оқушылары мен тұрғындарды жұмылдыру керек.

"Әрбір оқушы, жас маман мен жергілікті тұрғын ең кемі 5 немесе 10 ағаштан егіп, өсіруі керек. Сонда жылына шамамен 12 миллион түп ағаш өсімдік өсіріледі екен. Бұл процесс 45-50 жыл бойы үздіксіз жалғасын тапса, елімізде орасан көп мөлшерде ағаш бой көтермек. Бабаларымыздың "Егер алдағы бір жылды ойласаңдар астық өсіріңдер, егер алдағы жүз жылды ойласаңдар ағаш өсіріңдер" деп өсиет қалдыруы бекер емес қой, - дейді Келіс Жайлыбай.

Келіс Жайлыбайдың сөзінше, мектептерде 5-6-сыныптардан бастап "Экология" пәнін қосу керек. Жастарға мектеп кезінен бастап Қазақстандағы экологиялық ахуалды түсіндіріп, табиғатты қорғау және аялау керегін қаперіне үнемі алып отыруы керек. Сол кезде жастардың табиғатқа деген сана-сезімі, көзқарасы түбегейлі өзгереді екен.

Сондай-ақ ғалым оқушылар арасында арнайы экологиялық байқаулар мен жарыстар ұйымдастыру керегін айтты. Ғалым жыл сайын және әрбір үш жылдан кейін оң нәтиже көрсеткен оқушыларды арнайы марапаттармен ынталандырып отырған абзал деген ойда.

"Осы орайда атап өткен жөн, былтырдан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде арнайы экологиялық жоба қолға алынған. Бүгінде бұл тарапта нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, оқу орнының ғалымдары мен студенттері арша, үйеңкі, емен, бозарша, акация ағашты өсімдіктерін тұқымынан өсіріп, көшеттерді күтіп-баптаудың ең арзан әдістемесін жасады.

Бұл әдістеме өскіндерді көптеп өсіруге мүмкіндік береді және қаржылық тұрғыдан тиімді. Жаратылыстану факультетінің базасындағы арнайы зертханада өсірілген көпжылдық ағаш көшеттері Алматыдағы ауа бассейні ластану деңгейі жоғары аймақтарға отырғызылып жатыр. Бүгінге дейін Медеу шатқалы мен мегаполистегі арнайы бөлінген орындарға жалпы саны 3 мыңға жуық көшет егілді. Бұл - алып шаһардың сын көтермейтін экологиясын тазартуға септігін тигізеді деген ойдамыз", - дейді Қыздар университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Арнайы жүргізілген зерттеу қорытындысы көрсеткендей, соңғы жылдары ғаламдық жылыну көрсеткіші айтарлықтай артқан. Бұл ғылымда және қоғамдық пікірде дәлелденген факт. Мәселен, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары аумағында жаз айларында термометр бағамы 38-50 градусты көрсеткен ыстық жиі болады. Мұндай қолайсыз аптап бұрын-соңды тіркелмепті. Бұл елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де теріс ықпалын тигізіп отыр деген сөз. Себебі 2019 жылғы қуаңшылық әсерінен астық дақылдарының түсімі күрт кеміп, жайылымдарда шөп нашар өскен.

Ұлыбританияның Лидс университетінің ғалымдарының болжамына қарағанда, 2050 жылға қарай дүниежүзінде құрғақшылық шарықтау шегіне жетеді. Аталған қуаңшылық жағдайлардың әсері Қазақстанның шөл және шөлейтті аймақтарында өте күшті болады деп күтіледі. Климаттың өзгеруі тұщы су тапшылығын туындатып, аптап ыстықтың әсерінен орман өрті көбейеді. Қуаңшылықтың кесірінен түрлі әлеуметтік қиындықтар пайда болып, оның соңы жануарлар мен адам шығынына және айтарлықтай экономикалық дағдарысқа алып келмек.


Келіс Жайлыбай. © "Айқын" газеті

Келіс Жайлыбай - ғалым, биология ғылымының докторы, профессор. Оның негізгі ғылыми еңбектері Арал өңіріндегі күріш дақылының фотосинтезі және фотосинтетикалық өнімділігі теориясы мен күріштің жаңа сорттарының морфофизиологиялық әдістемелерін жасауға арналған. Тұзданған жерлерде күріш өсірудің сорттық жаңа жетілдірілген технологиясын тұжырымдап, өндіріске енгізді. Жайлыбай 160 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 12 кітапша және бірнеше өнертапқыш ұсыныстарының авторы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer