КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
13 декабря 2021 | 16:50

"5:32" сериалы мен Асқар Жалдиновтың кітабын не байланыстырады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Асқар Жалдинов, "Вне протокола" кітабының авторы Асқар Жалдинов, "Вне протокола" кітабының авторы

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда жылына 100 000-нан астам қылмыстық іс тіркеледі. Оның ішінде жантүршігерлік оқиғалар да аз емес. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі криминиалистика жанрында қалам тербеген Асқар Жалдиновпен сұхбаттасып, одан Қазақстан тарихындағы атышулы қылмыстардың құпиясы жазылған "Вне протокола" кітабы туралы сұрады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда жылына 100 000-нан астам қылмыстық іс тіркеледі. Оның ішінде жантүршігерлік оқиғалар да аз емес. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі криминиалистика жанрында қалам тербеген Асқар Жалдиновпен сұхбаттасып, одан Қазақстан тарихындағы атышулы қылмыстардың құпиясы жазылған "Вне протокола" кітабы туралы сұрады. 

Асқар Жалдинов ауыр қылмыстарға байланысты ақпаратты қайдан алғанын, 90-жылдардағы ағайынды Қырықбаевтар, рецидивист Маратенок, каннибал Николай Жұмағалиев және басқа да маньяктар қалай ұсталғанын айтып берді.

Идея қайдан келді?

Автордың сөзінше, 1000 данамен шыққан кітап жарты жыл ішінде толық сатылып, оқырманның қызығушылығын арттырды. 

"Өзім журналиспін, жазу-сызуымен айналысып жүргеніме жиырма жыл болып қалды. Арасында мемлекеттік қызметте де бой көрсеттім. Кез келген журналистің жеке мұрағаты, шұғылданған жұмыстары, қысқасы, жиып-терген дүниесі бар. Иә, менде де азды-көпті материалдар жиналып қалыпты. Соның басын қосып, кітап шығарғаным осы болды", - деп әңгімесін бастады ол.

Асқар Жалдиновке ІІМ басшылығынан тапсырыс түседі, бірақ ол ұсыныстан бас тартып, мәселені басқа қырынан ашады.

"Кітаптың мазмұны мен шығу тарихына тоқталсам, әңгімені арыдан бастау керек. Мен бұрыннан бері Ішкі істер министрлігі және еліміздің көптеген облысындағы Полиция департаментінің қызметкерлерімен етене жақын байланыс құрғанмын. Олардың арасында қарапайым сержант та бар, сондай-ақ, шені жоғарылары да аз емес. Бірде ІІМ басшылығынан Қылмыстық іздестіру қызметінің жүзжылдығына байланысты кітап шығару туралы ұсыныс түсті. Егер қателеспесем, олар маған небәрі 4 ай ғана уақыт берген еді. Кейін бірден тапсырыстан бас тартып, мұндай туындылар аз уақыт ішінде жазылып шықпайтынын түсіндірдім. Оның өзінде полиция қызметкерлерін мадақтау туралы емес, өзімнің көріп-білгенімді жазғым келді. Десе де, дәл осы тұста еш сарказмсыз, мазақсыз айтып өту керек, Қазақстанның полиция қызметі бүгінге дейін өте ауыр қылмыстарды әшкерелеп, үлкен еңбек атқарып келеді. Олардың жанкешті тұрмыс-тіршілігі туралы бір емес, бірнеше томдық еңбек жазсақ та көптік етпейді. Алайда, мен мемлекеттік тапсырысты мойныма алмайтын боп шештім, неге десеңіз, толыққанды шығармашылық еркіндікті қаладым. Осылайша, өз еңбегімді жазып шығуға бекіндім, бірақ акцент полиция қызметкерлерінде емес, ел тарихындағы ең ауыр қылмыстарға түсті", - дейді ол.

"Билік тарапынан ешқандай рецензия болған жоқ"

Кейін ол Қазақстанның барлық облысын аралап, ондағы архивпен танысып, біршама атышулы істерді көтереді. Бұл жолда оған Қазақстанның күш құрылымдары жәрдемдесіп, кітапқа қажетті тың ақпараттар мен кейіпкерлерді тауып береді.

"Жүзден аса қылмыстық істі зерттедім, бірақ кітабыма соның 40 пайызы ғана енді. Бастапқыда жиналған материалдар 900 беттен асып кеткен еді. Кейін бірнеше оқиғаны белгілі себептер бойынша алып тастау қажет болды. Оның ішінде біразын қысқартып, негізін ғана қалдырдым. Сондай-ақ, кітапта билік тарапынан ешқандай да рецензия болған жоқ. Өйткені бұл менің жеке еңбегім, ешкімнің қол сұққанын қаламадым. Кітап тек заңды-психиологиялық экспертизадан өтті", - дейді Жалдинов.

Автор кітапқа материал жинауды 2018 жылы бастап, араға 1,5 жарым жыл салып, оны толық аяқтайды.

"Өз еңбегім деп бекер айтпаймын. Жастайымнан журналистік зерттеумен айналысып, көптеген маңызды тақырыптарды қаузадым. Жасыратыны жоқ, көтерген мәселелерімнің басым бөлігі криминалистика жанрында болды. Кезінде Алтынбек Сәрсенбаев пен Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша зерттеу жүргіздім. Одан бөлек, Заманбек Нұрқаділов, Мұхтар Әблязов туралы да біршама материал жинадым. Талай сот отырысына қатысып, мән-жайға тереңінен үңілдім. Әрине, жеке мұрғатымда елді дүрліктірген басқа да қылмыстар болды. Міне, солардың негізінде өз кітабымды шығарып отырмын", - деді ол.

Кітап шетел асты

Асқар Жалдинов өз еңбегінің билік тарапынан жоғары бағаланғанын айтып, тіпті, Ресейге де тарап кеткенін жеткізді.

"Көптеген офицер, генералдар мен полковниктер менің кітабымды оқып шығыпты. Ара-тұра хабарласып, өз ойларын жеткізіп отырады. Олардың сөзінше, кітапта қылмыстық істер жаңа қырынан танылып, сол кезеңдердегі атмосфера шебер суреттелген. Сонымен қатар, күш құрылымындағы қызметкерлер бұл кітапты бір-біріне сыйға тартып жүр екен. Тіпті, кітаптың бір бөлігі шетел асып кеткен", - деді ол. 

Ағайынды Қырықбаевтар мен Маратенок және олар түрмеден қалай қашты?

Асқар Жалдинов Қазақстандағы атышулы қылмыстардың бүге-шігесі жазылған кітаптың өзіне тоқталып, 90-жылдардағы ең танымал қылмыстық топтар жайлы айтып берді. 

"Тек жамбылдықтар емес, күллі Қазақстан білетін ағайынды Қырықбаевтар бар. Олар Жамбыл облысында тайраңдаған үлкен қылмыстық топты құрды. Қырықбаевтардың тағдыры өте қызық. Бұл отбасында қатарынан 11 ұл дүниеге келеді, бірде-бір қыз жоқ. Олардың бәрі теріс жолға түсті деп айта алмаймын, бірақ, ІІМ-нің деректер базасында ұйымдасқан қылмыстық топтың басы-қасында жүрген төрт ағайынды болды. Олардың ішіндегі ең қатігезі әулеттің кенжесі екен. Бүгінде ол сотталып, қамауда отыр. Қырықбаевтар әулеті мені бірден қызықтырды. Олар туралы барлық мұрағатты көтеріп шықтым. Өйткені бұл шынымен таңдай қақтыратын отбасы еді. Ең қызығы, олар тіпті қатаң режимдегі түрмеден де қашып кеткен. Қырықбаевтардың ісін зерттей отырып, бірнеше адам сенгісіз фактіге куә болдым. Біріншіден, олар өзі қамақта болған түрме бастығының орынбасарын сатып алған. Бұл операцияға да тыңғылықты дайындалғанын аңғаруға болады. Ағайындылар түрме басшылығын бопсалап, оларға  200 000 доллар ұсынған. Атап өту керек, параға берген бұл ақшаның бір тиыны да өз қалталарынан шықпаған, өйткені олар түрмеден қашып шығуға үшінші адамды қосқан. Ол да жергілікті танымал бандит боп шықты. Лақапаты - Маратенок. Ол 22-23 жасында-ақ Валют-Транзит банктің инкассаторларына шабуыл жасап, 500 000 долларды қалтасына басқан. Маратенокты тек алты айдан кейін қолға түсіреді, бірақ ұрланған ақша ұшты-күйлі жоқ болады. Осы жерден түрме бастығының орынбасарына берілген 200 000 доллар қайдан пайда болғанын түсінуге болады", - дейді Асқар.

"Түнде қыдырып, таңертең қайта түрмеге келеді"

Автор сол жылдардағы түрме басшылығының коррупцияға белшесінен батып, қылмыскерлерге қандай жағдайлар жасағанын жеткізді.

"90-жылдары тергеу изоляторындағы түрме қызметкерлерінің жемқорлыққа қатты салынғанын ескеру керек. Сол себепті де рецидивистердің саны артты. Дәл сол Қырықбаевтар өздері жатқан түрмеде билік жүргізген екен. Параның арқасында олар түрменің әкімшілік ғимаратында шай ішіп, теледидар көрген. Тіпті, түрме бастығы орынбасарының кабинетінде интим кездесулер де өткізген болып шықты. Одан қалды, демалыс күндері түрмеден шығып, Тараздың бірнеше отырыс орындарында қыдырып, таңертең камераларына оралған. Мұның барлығы қылмыстық істің материалдарында көрсетілген", - дейді Жалдинов. 

"Қазақстан қылмыстық топқа биліктен орын бермеді"

Автор артынша ұйымдасқан топтардың мүмкіндігі туралы баяндады. Оның сөзінше, Қазақстан көршілес елдермен салыстырғанда аса сақ қимылдады.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері билікке үкімін жүргізген деген теорияда асыра сілтеу көп. Иә, 90-жылдары криминал әлемінде кеңінен танылғандар көптеген қылмысқа барды, бірақ олардың мүмкіндігі шектеулі еді. Олардың арасында көлеңкеде болып, билікке ұмтылғандары да болды. Осы ретте мемлекетке, арнайы күш құрылымдарына алғысымызды айтуымыз қажет. Өйткені Қазақстан қылмыстық топқа биліктен орын бермеді. Сондай-ақ, кез келген ұйымдасқан топты жедел анықтап, түрмеге тоғытты. Ал көршілес елдердегі динамика мүлде басқа", - деді ол.

Жора Ташкентский немесе қазақстандық полицияның ерлігі

Сонымен қатар, ол Қазақстан билігінің халықаралық іздеудегі танымал қылмыскерді қалай қолға түсіргенін еске алды. 

"Жора Ташкентскийдің ісі шынымен де біздің полиция қызметінің жоғары деңгейдегі қызметін айқын көрсетеді. Ол халықаралық деңгейдегі қылмыскер болды. Сонымен қатар, Жора Ташкентский Ресейде отырып, Қазақстанның контрабандалық іс-әрекетін жүргізумен айналысты. Бірде ол Қазақстандағы екі криминалдық топтың дауын шешу үшін Шымкентке келеді. Бұл ақпаратты елдің полиция қызметкерлері анықтап, оны тұтқынға алады. Кейін ол Солтүстік Қазақстандағы колонияда үш жыл отырып, Ресейге жіберіледі. Жора Ташкентскийді ұстау арқылы Қазақстан жалпы ТМД-ға төнген қауіптің бетін алды", - дейді Асқар.

"5:32" сериалы мен Асқар Жалдиновтың кітабын не байланыстырады?

Автор таяуда ғана отандық нарыққа келген 5:32 сериалына да тоқталды. Ол танымал телехикаяның бірнеше бөлімі "Вне протокола" кітабынан алынғанын алға тартты.

"Әуел баста "5:32" сериалы туралы ештеңе білмедім. Кейін мені әлеуметтік желідегі достарым белгілеп, сериалда өзім жазған еңбектегі сюжеттердің ұқсастығын жеткізді. Ұқсастық емес, дәл сол мен жазған оқиғалар дер едім. Әзірге сериалдағы бірінші және үшінші бөлімде бірдей сюжетті байқадым. Менің кітабымнан осы оқиғалардың бүге-шүгесіне дейін білуге болады. Елдерден естуім бойынша, алдағы бірнеше сериясында да оқиғалар қайталанады. Жақында Алматыда болып, сериал авторларымен сөйлестім. Кездесуде "5:32" режиссері Әлішер Өтев те болды", - дейді кітап авторы.

Сериал сюжетіндегі оқиғалар Жалдиновтың кітабында жазылған екен. Алайда автор ренжуден аулақ екенін мәлідеді.

"Менің тарапымнан ешқандай да қарсылық болмайтыны анық, керісінше, өзім жазған еңбек бойынша сериал түсірілсе, керемет қой. Алайда "5:32" сериалының авторлары заңға сай әрекетке барғанын айтып, көзқарасымды өзгерткісі келді. Иә, көркем шығарма екенін түсінемін, десе де, этикаға жатпайды. Шынымды айтсам, бұл түкке де тұрмайтын болмашы жайт. Мен сериалды көріп шығып, ерекше қуандым, таңғалдым. Қазақстанда бұған дейін криминалистика жанрында вебсериал шыққан емес. Сериал авторлары зор еңбек атқарып отыр, оны мойындау керек", - деді ол.

Неге қылмыскерлердің болмысын ашуға болмайды?

Ең қызығы, Асқардың кітабында және "5:32" сериалындағы қылмыскерлердің болмысы мен мотивациясы ашық айтылмайды. Мұны автор бірнеше себеппен байланыстырып отыр.

"Мен өз еңбегімде қылмыскерлер мен маньяктардың портретін жасағым келмеді. Бұл оңай шаруа да емес. Басқа бөлімдерге қарағанда маньяктар туралы жазуға көп уақыт жұмсағанымды айтқым келеді. Өте қысқа бөлім болса да, моральдық тұрғыда қиын болды. Кез келген маньктың өз оқиғасы, өз логикасы бар. Жасалған қылмыстың, олардың іс-қимылы мен ойының да логикасы бар, бірақ бұл ешқашан ақтауға жатпайтын факторлар. Одан бөлек, қылмыскерлердің образын ашып, баланс жасау да дұрыс емес. Мен жазған маньяктар бала кезінен психологиялық соққылардан зұлымдыққа бейімделді. Кейбірінде генетикалық психологиялық ақаулар бар. Мәселен, Николай Жұмағалиевтің оқиғасын қарастырып көрейік. Қазір ол Ақтастағы психиатриялық емханада жатыр. Кезінде ол адамдарды өлтіріп қана қоймай, олардың етінен котлет дайындаған. Жұмағалиев әр қылмысын сатанизммен байланыстырды. Демек, мұнда да қосымша күштер мен ақаулардың барын байқауға болады, бірақ біз осылай қылмыскерлерді ақтағандай боламыз. Сол себепті олардың психологиялық портретін жасаудан бас тарттым, менің еңбегімде тек қылмыскерлердің ісі мен оқиғасы баяндалады", - деп сөзін аяқтады ол.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов
Суреттер Асқар Жалдиновтың жеке мұрағатынан

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer