"850 мың теңге". Дәрігерлер үш түрлі үстемақы алатыны айтылды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Карантин режимінде жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер жұмыстың қауіпсіздігіне қарай үш топқа бөлінді. Бірінші топтағы дәрігерлер жалақысына айына 850 мың теңге үстемақы қосып алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар24 телеарнасында онлайн-брифингте айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Карантин режимінде жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер жұмыстың қауіпсіздігіне қарай үш топқа бөлінді. Бірінші топтағы дәрігерлер жалақысына айына 850 мың теңге үстемақы қосып алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар24 телеарнасында онлайн-брифингте айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік комиссия арнайы шешім қабылдады. Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмыстың қауіпсіздігіне қарай 3 топқа бөлінген.

"Бірінші топ, реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, барлығы 3 284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына - 850 мың теңге. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына, шамамен 1 миллион теңгенің үстінде алады", - дейді министр.

Ал екінші топ, министрдің айтуынша, провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, барлығы 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына - 425 мың теңге. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына, шамамен 600 мың теңге алады.

"Үшінші топ. Карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. барлығы - 10 994 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемақы алады. Орташа айлығын қосқанда, олар шамамен 380 мың теңге алады, - деп түсіндірді Абаев.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 

Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың коронавирусқа, ТЖ кезінде берілетін төлемақысына қатысты және басқа маңызды сұрақтарына жауап берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 10
Актау 13
Актобе 9
Атырау 12
Б
Балхаш 13
Ж
Жезказган 12
К
Караганда 7
Кокшетау 4
Костанай 17
Кызылорда 13
П
Павлодар 6
Петропавловск 21
С
Семей 34
Т
Талдыкорган 28
Тараз 29
Туркестан 11
У
Уральск 29
Усть-Каменогорск 31
Ш
Шымкент 23

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro