ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 мая 2021 | 12:55

"90 жастағылар бар". Маман вакцина қарттарға қалай әсер ететінін айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Маман вакцина салдырған қарттардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Маман вакцина салдырған қарттардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнара Ысқақованың айтуынша, елдегі жаппай вакциналау қарқыны жақсы, әсіресе қарттар айтарлықтай белсенді.

"Қазіргі таңда вакцина алуға кедергі болатын қарсы әсері өте аз. Сондықтан азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып жатыр, әсіресе қарттар вакцина салдыру пунктеріне қуана келеді. Жасы 65-тен асқандар арасында шамамен 31 мың адамға вакцина салынды, тіпті 90 жастағылар да бар. Бір таңғалдыратын жайт, олар вакцинаны жеңіл көтеріп, ешқандай асқыну болған жоқ. Сол үшін мен вакциналауда адамның ниеті ғана керек деп есептеймін", - деп мәлімдеді Ысқақова Алматы әкімдігінде өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде таныстарына қарап вакцина салдыратындардың көбейгенін айтқан еді.

Таныстарына қарап вакцина салдыратындар көбейді - Цой

Еске салайық, Қазақстанда қазір коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина бар. Олар - ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети