ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 ноября 2020 | 11:22

90 пайыз жеңілдік: сенаторлар ауылдағы интернет сапасын 5 жылда жақсартуды ұсынды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ауылдық жерде интернет сапасын жақсарту мақсатында байланыс операторларына радиожиілік спектрін пайдалану үшін 90 пайыз салық жеңілдігі берілді. Осы жеңілдіктің арқасында операторлар қаржысын үнемдеп, 5 жыл ішінде ауылдағы интернет сапасын арттыру керек. Бұл туралы заң нормасын Сенаттың жалпы отырысында депутаттар ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ауылдық жерде интернет сапасын жақсарту мақсатында байланыс операторларына радиожиілік спектрін пайдалану үшін 90 пайыз салық жеңілдігі берілді. Осы жеңілдіктің арқасында операторлар қаржысын үнемдеп, 5 жыл ішінде ауылдағы интернет сапасын арттыру керек. Бұл туралы заң нормасын Сенаттың жалпы отырысында депутаттар ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин заң нормасына енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.

"Бұл нормалар, ең алдымен, байланыс операторларын ынталандыруға - 5 жыл ішінде радиожиілік спекторды пайдалану құқығын бергені үшін салық төлемін жеңілдігін беруге бағытталған. Яғни, 5 жыл ішінде жыл сайын ұялы байланыстың радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ставкасын 90 пайызға - 2300 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды. Осының арқасында байланыс операторлары өз қаржысын ауылдық жердегі интернет құрылымды дамытуға арналған жобаларына салуы керек. Екіншіден, мұндай жеңілдік жағдайын жасау үшін заң нормаларында сіздер атап өткен операторлардың қарсы міндеттері қарастырылады", - деді Мусин.

Министр 90 пайыз жеңілдік тек шарттарды орындаған және жеңілдіктен үнемделген қаржысын ауылдық жерлерді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін жұмсаған байланыс операторларына берілетінін атап өтті.

"Бұл міндеттер орындалмаса, қолданыстағы Байланыс туралы заңға сәйкес, радиожиілік спектрді пайдалану құқығы қайтарылады. Операторлар осы жылдың шілдесінен бастап өз қаржысына кооперациямен бірлесе тұрғын саны 250-ден асатын ауылдық жерлерге интернет жеткізу жұмысын бастап кетті. (...) 4137 ауыл жыл соңына дейін интернетпен қамтамасыз етіледі. Ал алдағы 5 жылда интернет сапасын жақсартуға бағытталады. Себебі кей ауылда қазір интернет сапасы нашар. Ол онлайн сабақ оқыған кезде де білінді. Сондықтан осы мәселені 5 жыл ішінде шешуге мүмкіндік беруді сұраймыз", - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Мусин қазір Қазақстанда 18,7 миллион адам шамамен 6 500 елді мекенде тұратынын атап өткен. Оның ішінде 4 751 елді мекенде әртүрлі технология: 3G, 4G және радиожелі, оптика және тағы басқасы бойынша интернет бар. Мұнда 17,5 миллион адам тұрып жатыр. Осы интернеттің сапасы мен қолжетімдігін арттыру мақсатында екі ауқымды жоба іске асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer