Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жаңа заң бойынша енді көпбалалы олигархтар да жәрдемақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жаңа заң бойынша енді көпбалалы олигархтар да жәрдемақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
"Әрине, бұл заңды өзгертудегі мақсатымыз да сол. Жаңа өздеріңізбен сұхбаттасып, көп мәселені айттық. Жұмыс істемесе тоқтату керек деп жатырмыз. Мына жақта қателік болып жатыр дейміз. Бұл - соның бәрін жоятын тетік деп санаймыз. Бұл жерде әділдік керек. АӘК-тің мәні - жанұяның табысы төмен болса, соны ең аз дегенде кедейлік шегіне дейін ақшалай көмектесіп жеткізу және жұмыспен қамту. Сондықтан ол жанұяда бала бар ма, жоқ па, денсаулығына қатысты ер азамат бар ма, жоқ па - ол табысына қатысты беріледі. Сондықтан оны бергенде табысы неғұрлым аз болса, соғұрлым көмекті көп алуы керек. Міне, бұл әділ болады", - дейді Біржан Нұрымбетов.
Нұрымбетовтің сөзінше, қазіргі жағдайда отбасы табыс шегіне 100 теңге жетпесе де, 20 мың теңге жетпесе де АӘК алады.
"Бұл - дұрыс емес. Сондықтан біз көпбалалы жанұяларды бөліп шығардық. Бірінші рет бізде табысына қарамастан төленетін жәрдемақыны енгізіп жатырмыз. Қазір жұмыстардың бәрін ойдағыдай бітіріп жатырмыз. Жаңа жылдан 347 мың жанұя сол жаңа жәрдемақыға ие болады. Оның үстіне, тағы бір жаңалық - АӘК-тен бөлек, аз қамтылған жанұяларға кепілдендірген әлеуметтік топтама деген жаңалықты енгізіп отырмыз. Енді жаңалық болған соң оның қиыншылықтары да бар. Тырысып жатырмыз, күнделікті жиналып жатырмыз. Ертең бірдеңесі болмай қалса сіздер қайтадан сынайсыздар. Сондықтан соның бәрін біз өзіміздің абыройымыз үшін, халықтың әл-ауқаты үшін сәтті іске асырсақ па деген жоспарымыз бар", - дейді министр.
Қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек: Жәрдемақы мөлшері қандай?
Сонымен қатар, министр табысы жақсы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы айта кетті.
"Әлеуметтік салада әлеуметтік төлемдерге қатысты әділдікті сақтап қалу өте қиын. Мысалы көпбалалы жанұяға төленетін жәрдемақыны байлар да алатын болды ғой дейсіз. Сізбен келісемін. Бөлейік дейді. Бөлген кезде шегі қай жерде болады? Қанша теңгеден жоғарыны бай дейміз? Қанша теңгеден төменін кедей дейміз? Ең қиыны сол. Бүгін ең төмен күнкөріс деген түсінік бар. Соның 70 пайызы кедейлік шегінде. Сонымен біз белгілеп отырмыз. Мен халықты көп қабылдаймын. Жаның ашиды. 20 789 теңге шегі. Содан 100 теңге табысы асып кетсе АӘК алмайды.
Оның байға жатпайтынын адам ретінде түсініп отырмыз ғой. Бірақ заң солай. Сондықтан шекті қоймайықшы дейміз. Сөйтіп көпбалалыларға жәрдемақы енгіздік. Бұл жерде олигархтар да алады ғой деген сұрақ туындайды. Енді қайтеміз, екеуінің біреуін таңдайық. Біз, мысалы, оған 20 мың беріп отырған кезде соның бір 10 мыңын былай шығарайықшы, табыссыз. Қиналмасын, табысын растамасын. Менің екі-үш әріптесім көпбалалы министр. Солар менен "Біз де аламыз ба?" деп сұрайды. Мен "Сіз де заң бойынша аласыз. Бірақ елдің патриоты ретінде өтінішіңізді бермей-ақ қоятын шығарсыз" деп қоямын қалжыңдап", - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.
Енді АӘК тоқсан сайын тағайындалады - министр