РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
13 апреля 2020 | 19:39

Абаев 20 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмыс істейтінін айтты

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. Фото: Тұрар Қазанғапов Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай кәсіпорындар жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай кәсіпорындар жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік комиссияның шешімімен қос шаһарда бірқатар экономика секторының жұмысы қалпына келтіріледі. Бірақ олардың нақты тізімі 15 сәуірде белгілі болады. Осы орайда министр жұмысын жалғастыратын кәсіпорындарға тоқталды.

"Біріншіден, аталған өзгеріс Нұр-Сұлтан және Алматыда бір уақытта енгізілгенімен 2 қалада жұмыс процесінде айырмашылық болуы мүмкін. Оның себебі, осы қалалардың эпидемиялық және экономикасының айырмашылығына байланысты. Сондықтан барлық ерекшелікті әкімдіктер тұрғындарға алдын ала хабарлап, түсіндіріп отырады. Екіншіден, карантин талаптарының өзгерісі бірден емес, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Әр кезеңде денсаулық сақтау министрлігінің қорытындысы есепке алынады", - деді ол "Хабар 24" телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Осы орайда министр "ауру жұқтыру қаупі аз" деген кәсіпорындар іске қосылатынын жеткізді.

"Мұндай кәсіпорындарда санитарлық нормаларды сақтау бойынша арнайы протоколдар дайындалады. Оның орындалауы тұрақты түрде тексеріледі. Егер кәсіпорын талапты бұзса, қатаң шектеу шараларын қолданамыз", - Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 20 сәуірден бастап, мына секторлардағы кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруды ұсынғанын жеткізді:

"Бірінші, бұл - өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар. Екінші, құрылыс саласындағы кәсіпорындар. Үшінші, қыстан кейін жолды жөндейтін асфальт, бетон зауыттары. Төртінші, зейнетақы мен жәрдемақы беретін екінші деңгейлі банктер. Олар сағат 16:00-ге дейін қысқа жұмыс кестесімен жұмыс істейді. Бесінші, жеке қосалқы қызмет көрсету секторының кейбір ұйымдары. Мысалы, химиялық тазалау және кір жуу орындары, шиномонтаж, арнайы техникаларды жөндеу, көлік жуу станциялары", - деді министр.

Алтыншыдан, ол қоғамдық тамақтану орынынан тамақ жеткізу мүмкіндігін кешкі сағат 22:00-ге дейін ұзаратынын атап өтті.

"Осылайша, барлық аталған кәсіпорын бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады. Бұл - Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыс істейтін халықтың шамамен 20 пайызы", - деді Абаев.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 979-ға жетті. 110 науқас жазылды, 12 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 526.81  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer