ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 августа 2020 | 09:19

Абай айт­қан "бес дұшпаннан" толық арылған жоқпыз - Тоқаев

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстан президенті Абай күніне орай "Абай – рухани реформатор" атты мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан президенті Абай күніне орай "Абай – рухани реформатор" атты мақала жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақала "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды. 

"Келесі жылы Қазақстан Тәуел­сіз­дігі­нің 30 жылдығын атап өтеміз. Бірақ ке­зінде ұлы ойшылды қатты толған­дырған кейбір келеңсіздіктер қоғамда әлі де кездеседі. Өкінішке қарай Абай айт­қан "бес дұшпаннан" толық арылып болған жоқпыз.

Азаматтарымыздың арасында жал­қаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша той­құмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады.

Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырды. Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз оның терең ойларына, келешектің келбетіне үңілген көрегендігіне таңырқаудан жалыққан емеспіз. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді.

Ең алдымен, білім игеру. Біз бү­кіл әлемді ақыл-ой мен парасатты пайым арқылы ғана мойындата аламыз. За­ман талабына сай білім алу интел­лек­туалды ұлт қалыптастыруға жол ашады. Екінші, тәрбие мәселесі. Сон­дықтан, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның "Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге" деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет. Үшінші, жаңа кәсіп игеру. Ақын әр қазақ өз ісінің шебері болса деп ар­­ман­дады.

Әсіресе бәсекелестікке толы ал­мағайып заманда мұның мәні зор. Абай: "Мал керек болса, қол­өнер үй­ренбек керек. Мал жұтай­ды, өнер жұта­майды" дейді. Біз ең­бекке, жаңа өнер иге­руге деген көзқа­расымызды түбе­гейлі өзгертуге тиіспіз. Байлықтың да, бақыттың да кілті - өзің сүйген кәсіпте. Төртінші, ынтымақ мәселесі.

Абай әрдайым қоғамның береке-бірлі­гін арттыруға ден қойды. Ол "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің - бәрі бос" деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткеру­деміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынты­мағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүре­гімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сон­дық­тан бүгінгідей қиын шақта Абай мұ­расына жүгіну өте өзекті болып отыр", - делінген мақалада.

Қазақстанда Абай күні қалай атап өтіледі?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer