ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 ноября 2018 | 12:50

Адамдар қандай жағдайда құжатсыз қалады - Оқиғалар мен кеңестер

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Күнделікті болмаса да "құжаты жоқ екен" дегенді естіп, таңғалып жататынымыз рас. Сонда қандай адамдар құжатсыз жүреді? Осы орайда тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған Аrasha баспанасының еңбек терапевті Ақерке Байғазиева Tengrinews.kz тілшісіне осы сұрақтың жауабын айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Күнделікті болмаса да "құжаты жоқ екен" дегенді естіп, таңғалып жататынымыз рас. Сонда қандай адамдар құжатсыз жүреді? Осы орайда тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған Аrasha баспанасының еңбек терапевті Ақерке Байғазиева Tengrinews.kz тілшісіне осы сұрақтың жауабын айтты.

Маманның айтуынша, құжатынан айырылып, көмек сұрайтын адамдар өте көп және олардың оқиғасы әртүрлі.

"Мысалы, бір күні көмек сұрап екі кішкентай баласымен әйел келді. Тұрғылықты жері, қолында бірде-бір құжаты жоқ. Екі баласының туған күнін де, босанған жерін де білмейді, есінде жоқ. Кейін перзентханаларға сауал жолдап, ақыры таптық. Алайда әйелдің өзі құжатсыз болды. Әйелдің туған жерін анықтау үшін АХАТ-ға (Азаматтық хал актілерін тіркеу ) сауал жолданды. Осыдан кейін оған жеке куәлік жасатып, сол арқылы балалардың туу туралы куәлігін алуға болады", - деді ол.

Байғазиеваның айтуынша, көп жағдайда құжатсыз жүретін адамдардың құжатын біреулер тартып алған болып шығады.

"Тағы бір мынадай оқиға болды, жүкті әйел перзентханаға босануға барған, өзінің азаматтығы болмапты. Заң бойынша, азаматтығы жоқтар ақылы негізде босанады, сома да қомақты. Әйелдің оған материалдық жағдайы болмапты, ақшасын төлемегендіктен перзентханадағылар оның төлқұжатын алып қалған, солайша құжатсыз қалған", - деді маман.

Оның айтуынша, бұған ұқсас оқиғалар көп.

"Құжатсыз жүретіндердің көпшілігі қарыз алып немесе белгілі бір нәрсе үшін ақысын төлей алмай, кепілдікке құжатын қалдыратындар. Сонымен қатар, көп жағдайда әйелдер үйінен қашып, ақшасыз, құжатсыз кетеді немесе күйеулері тартып алады. "Көмек сұрап келген тағы бір әйел болды. Өзі балалар үйінде өскен. Кейін бір ер адаммен тұрып, бала босаныпты. Ер адам үнемі соққыға жығып, әйел үйінен қашып кеткен. Өзінің жеке куәлігінің мерзімі өтіп кетіпті, сол үшін баласында туу туралы куәлік жоқ. Айыппұлын төлеп, жеке куәлігін жаңартып, баласының құжатын алуға көмек көрсетілді", - деді Байғазиева.

Редакциямызға хабарласып, өз оқиғасын айтып берген оқырман да болды. Оның айтуынша, үш балалы отбасы жалға алған пәтердің ақысын төлей алмай, пәтердің иесі олардың барлығының құжатын тартып алған.

Жалпы, мұндай оқиғалар жетерлік. Заңдық тұрғыда бұл қаншалықты дұрыс? Өзге адамның құжатын тартып алғандарға қандай жаза тағайындалады? Бұл сұрақтарға заңгер Мырзабек Бекберді жауап берді.

"Мұндай жағдайлар қоғамда өте жиі кездеседі. Десек те, Қазақстанда азаматтардың жеке басын анықтайтын құжаттарды күштеп тартып алуға заңмен тыйым салынған. Егер азамат өзінің азаматтық жауапкершіліктерін орындамаған жағдайда оның жеке құжатын немесе жеке затын кепілге алып қалуға болады деген заңда жоқ. Мұндай мәселе өзара келісіммен немесе соттың құзыретімен шешілуі тиіс. Тіпті ондай жағдайдың өзінде құжат кепіл бола алмайды", - деді заңгер.

Бекбердінің айтуынша, заңға сәйкес, біреудің құжатын заңсыз алғандарға айыппұл салынады.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 494-бабына сәйкес, паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алғандарға немесе оларды кепілге қабылдағандарға ескерту жасалады немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер құқық бұзушы бұл әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталаса он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді", - деді заңгер.

Оның айтуынша, кез келген азамат, тіпті шетелдік болса да жеке құжатын тартып алатындай жағдай болғанда бірден құқық қорғау органдарына хабарласуы тиіс.

"ҚР Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" делінген. Сондықтан кімнің болса да, қандай жағдай болса да оның құқығына, жеке затына қол сұғуға ешкімге рұқсат берілмеген. Құқық бұзушылық әрекеті болып жатса тап сол сәтте полицияға хабарласу керек, оған әркімнің конституциялық құқығы бар", - деді маман.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer