ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 марта 2020 | 19:16

Әділет министрлігі көпті толғандырған сұрақтарға жауап берді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Әділет министрлігінің өкілдері күшейтілген карантин режиміне қатысты көпті толғандырдырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әділет министрлігінің өкілдері күшейтілген карантин режиміне қатысты көпті толғандырдырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрге "Азаматтар төтенше жағдай кезінде далада жүгіріп, жаттығу жасай ала ма? Бұл үшін қандай жаза қолданылады?" деп сауал жолдады. Бұл сұраққа Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков жауап берді.

"Өкінішке қарай, далада жүгіру, спортпен айналысу - үйден шығуға негіз бола алмайды. Сондықтан азаматтардан далаға шығып, спорттың қандай да бір түрімен айналыспауға шақырамыз. Далаға шықсаңыз, тек өзіңізге ғана емес, басқаларға да қауіп төндіресіз", - деді департамент директоры онлайн-брифингте.

Осы орайда әділет министрі Марат Бекетаев бұл шектеу денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына сәйкес енгізілгенін атап өтті.

"Қазір Интернетте ақпарат көп. Мысалы, Еуропадағы кейбір елдер күніне бір рет далаға шығып, спортпен шұғылдануға рұқсат берген. Бірақ бұл жағдайда біз Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына мән береміз. Мамандар спортпен шұғылдану тек сол адамның өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді деп есептейді. Сондықтан спортпен шұғылдану үйден рұқсатсыз шығуға себеп бола алмайды. Бұдан бөлек, үй ішінде де спортпен айналысу үшін әдістер көп", - деп толықтырды әділет министрі.

Сонымен қатар, ол карантин кезінде той ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Карантин талабын бұзғаны үшін тойды ұйымдастырушы мен оған қатысушы адам жауапқа тартылады. Ол - 26 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы. Әрине, сот әртүрлі жағдайды ескеріп, заңды бұзғандарға түрлі санкцияларды қабылдауы ықтимал, - деді Марат Бекетаев.

Брифинг барысында министрлік өкілдеріне "Зейнет жасына жақындап қалған азаматтарды мәжбүрлі түрде жұмысқа шығарса не істеу керек?" деген сұрақ қойылды.

"55 жастан асқан азаматтарға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берілді. Алайда елімізде жұмыс істеп жатқан кейбір мекемелер бар. Онда 55 жастан асқандар күзетші болып жұмыс істеуі мүмкін. Бұл мәселені жұмыс берушімен бірге шешкен жөн. Алайда егер сізді мәжбүрлі түрде жұмысқа шығарса, онда полицияға хабарласқан жөн. Онда мәселе заң аясында шешіледі", - деді заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков.

Осыған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі карантин кезінде медициналық қызметкерлер үстемеақы алатынын, олар қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілетінін айтқан.

Сондай-ақ Алматыда науқастардың қауіпті вирусты қайдан жұқтырғанын, коронавирусты анықтайтын тест қай елдерден жеткізілгені айтылған.

Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша, елімізде 302 адам коронавирус жұқтырған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer