ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 июля 2019 | 19:36

Ақбөкенді қорғаған қорықшы, күдікті судья және қауіпсіздік сертификаты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

23 шілдеде ақбөкенді атқан браконьерлермен күрес кезінде инспектор оққа ұшты. Сондай-ақ кеше Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайы анықталып, қатысушылар кешірім сұрады. Тengrinews.kz тілшісі бүгінгінің басты жаңалықтарына шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

23 шілдеде ақбөкенді атқан браконьерлермен күрес кезінде инспектор оққа ұшты. Сондай-ақ кеше Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайы анықталып, қатысушылар кешірім сұрады. Тengrinews.kz тілшісі бүгінгінің басты жаңалықтарына шолу жасады. 

Ақбөкен қорғаған инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты

Бүгін 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен атқандарды анықтаған. 

Нәтижесінде "Нива" автокөлігімен қашқан браконьерлер артынан қуған екі инспекторға оқ жаудырған. Салдарынан екеуі де ауыр жараланған. Бір инспектор ауруханаға жатқызылды, ал екінші қорықшы жолда қаза тапты. Оның кеуде тұсына оқ тиген. 

Бұл "Охотзоопром" инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған еді. Артында жұбайы мен төрт баласы - үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды.

Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұртазиновтің отбасына көңіл айтты.

Алматыда төбелескен: Әйелдерге қол көтерген ер адам кешірім сұрады

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы баспасөз мәслихатында болған төбелеске қатысқан ер адамның жағдайды баяндаған видеосы жарияланды. Видеода баспасөз мәслихатына қатысқандардың бірі Мұрат Пірмағамбетов әйелдердің алдында кешірім сұрады

"Өзіме сырттан қарадым. Бұлай болмауы керек, мен әйелге қол көтердім. Сол ісім үшін өкінемін. Менің әрекетімнен, ұстамсыздығымнан зардап шеккен әйелдерден кешірім сұраймын. Бәріңізден кешірім сұраймын", - деді ол. 

Бұған дейін желіде Мұрат Пірмағамбетовтің дәлізде әйелдерді ұрған сәтінің видеосы таралған болатын.

 

Басқа бір видеода әйелдер баспасөз мәслихатына ҚДТ чатындағы хабарламаны көріп келгендерін айтады. Олар төбелестің неден шыққанын айтып берді. 

"Бәрі жаман аяқталды. Бірақ біз араңдатпадық. Егер зиян келтірсек, журналистер алдында кешірім сұрағымыз келеді. Біз өзіміз бастамадық, бізді итермеледі", - деді олар. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайын айтты.

"Кеше Алматыда брифинг не жиналыс кезінде екі тарап бір-бірімен жанжалдасып қалған, сондықтан оқиға жан-жаққа тарап кетті. Қазіргі уақытта екі тарап дене жарақаттарын келтіру және бұзақылық бойынша бір-бірінің үстінен арыз жазған. Екі тарап та полиция мен медициналық мекемелерге жүгінген. Бүгінде екі арыз тіркелді, бәрін тексереміз", - деп Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.

Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет?

Соңғы күндері қазақстандықтарды қауіпсіздік сертификатын не үшін қондыру керек деген сұрақ мазалаған. Бұған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев жауап беріп, қазақстандықтардың смартфондары мен ноутбуктарына қауіпсіздік сертификатын қондыру мәселесі жайлы ойын бөлісті

"Балаларға Интернетте экстремистік, террористік сипаттағы материалдарды, порнографияны көрген дұрыс деп ойлайсыздар ма? Қауіпсіздік сертификаты осы мәселені шешуге көмектеседі. Мұның бәрі ерікті түрде жасалады. Балаларыңды, жақындарыңды ойласаң, олардың ақпаратын ешкім көрмесін десең, сертификатты қондыр, қаламасаң - қондырмай-ақ қой", - дейді министр. 

Сондай-ақ Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатының түрлі сайттардан, вирустардан қорғайтынын басып айтты. 

Пара алды деген күдікке ілінген судья бостандықта жүр

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пара алды деген күдікпен ұсталған судьяның жағдайы туралы айтып берді.

"Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілхайыр жоғары судья атағына нұқсан келтіретін теріс қылық жасады. Ол ұсталды және тиісті органдармен жеткізілді. Сол кезеңде ол еңбек демалысында болған. Бүгінгі күні оған қатысты санкция қолданылған жоқ, ол бостандықта, бірақ тергеу жүріп жатыр", - деді Әбдіқанов. 

Осылайша, 3 мың доллар пара алды деп күдіктелген судьяға ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған. 

Сонымен қатар, Алматыда жыл басынан бері төрт судья қызметінен босатылғаны белгілі болды. Судья Нұрлан Бегайдар азаматтық іс қарап жатқан кезде қателікке бой алдырғаны үшін қызметінен кетті. Сол секілді № 2 Алматы аудандық сотының судьясы Надежда Каралуппа, Түрксіб аудандық сотының судьясы Бибігүл Хасанова, секілді № 2 Алматы аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке қызметін босатты.

Тәжікстанға жақын орналасқан қырғыз тұрғындары эвакуацияланды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жанжалдан кейін қырғыз билігі сол маңда орналасқан Ақ-Сай және Капчыгай ауылдарының тұрғындарын эвакуациялады. 

Бүгінде 315 адам Баткен қаласына жеткізілген: 55-і туыстарына кетсе, 260 тұрғын уақытша лагерьге орналасты. Эвакуацияланғандардың басым бөлігі - балалармен әйелдер. 

Шекарадағы жанжал кеше басталған болатын. Исфарда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков кездесуіне дайындық барысында тәжік азаматтары бағанаға өз елінің туын бекітіп қойған. Бұған қарсы болған қырғыздар өз туын ілген. Артынша екі елдің тұрғындары арасында жанжал басталып кеткен. 

Дамир Рыспаев айдында тағы да төбелес шығарды

Мұз айдынындағы төбелестерімен есте қалған елордалық "Номадтың" қорғаушысы Дамир Рыспаев бұл жолы қарағандылық "Сарыарқаның" хоккейшісімен текетіресті.

Спортшылар 22 шілдеде Қарағандыдағы ойын кезінде төбелес шығарған. Қазір бұл сәттің видеосы Желіде таралып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Матч қорытындысы бойынша Рыспаевтың командасы буллиттер сериясында жеңіске жетті - 2:1. 

Айта кетейік, "Сарыарқа" мен "Номад" ЖХЛ-ның жаңа маусымына дайындалып жатыр. Алдағы маусымда қарағандылықтар чемпион ретінде өнер көрсетсе, елордалық команда дебютант болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer