ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 июля 2023 | 17:55

Әкімдер де несие ала ма? Қызылорда әкімі жалақысы және хайп болған суреттері туралы жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Назерке Саниязова Фото: Massaget.kz / Назерке Саниязова

Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының басшылығын қолға алғалы жылдан асты. Қырық бес жаста. Бір емес, үш дипломы бар. Биографиясына көз салсақ, еңбек жолын компания менеджері болып бастаған. Әр жылдары жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының басшылығын қолға алғалы жылдан асты. Қырық бес жаста. Бір емес, үш дипломы бар. Биографиясына көз салсақ, еңбек жолын компания менеджері болып бастаған. Әр жылдары жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

Қазіргі қызметіне келгенге дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданын басқарды. Жалпы, Асылбек Шәменов - өңірге белгілі әулеттің өкілі. Ата, әке жолымен қызмет баспалдағында жоғарылап келеді. Туыс тәтесі - Балжан Шаменова облыс әкімінің орынбасары болған, бірак жакында туыстардың қатар қызметте отыруына орай қызметін өз еркімен тастап кетуге мәжбүр болған.

Осы және басқа да қызықты сұрақтарымызға әкім шынайы жауап берді. Әкімнің айлық табысы қанша? Әкімдер де несие ала ма? Хайп болған суреттері туралы не ойлайды?

Massaget.kz тілшісі сұхбатынан оқи аласыздар.

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Кезінде облысты басқарған Еркін Әуелбековті жұрт "халықшыл әкім" деп бағалайды. Ешкімге айтпай ел ішін аралап, сүт кезегіне тұрады екен. "Әкімдер өз елді мекендері мен қалаларында жаяу жүруі керек" деп Президент те айтты. Сізде қалай? Қаншалықты кабинеттен жиі шығып, көліксіз жиі жүресіз?

- Жұрт біздің жұмысымыздың бер жағын ғана көреді. Сосын кабинеттен шықпайтындай, көліктен түспейтіндей көрінуіміз мүмкін. Бірақ олай емес. Өз басым күнделікті жұмыс кестем таңғы сағат алты жарымнан басталады. Сегіз жарымға дейін қаланың бірде о шетін, бірде бұ шетін жаяу аралаймын. Кабинетке келгесін орынбасарларым бар, бөлім басшылары бар, көз көрген мәселелерді бірге талқылаймыз, оларға тапсырма беремін. Жалпы, өзім мәселені сырттай бақылап отырмай, басына барып, шешу жолын қарастырғанды құп көремін. Қалада тіршілік қым-қуыт. Сан түрлі саланың басы тоғысқан. Шаһар басшылығына келген бір жылдан астам уақыт ішінде бір күн кабинеттен шықпаған, қаланы араламаған күнім болмапты.

Сізбен туыстық байланысы үшін облыс әкімінің орынбасары болған Балжан Шәменова былтыр өз еркімен қызметтен кетті. Жауапты қызметте басқа тума-туыс бар ма?

- Балжан Мөрәліқызы - әкемнің туған қарындасы. Рас, ағайынды адамдармыз. Бірақ бұл қызметтес болуға ешқандай кедергі емес еді. Оның орнында ағам, балам немесе әйелім болса, сол кезде заңға қайшы болар еді. Сонда да ол кісі азаматтық саяси позициясын білдіріп, мүдделер шиеленісі болмас үшін осылай жасады. Қазіргі күні мемлекеттік қызметте ағайын-туыстан ешкім жоқ.

Фото: Massaget.kz / Назерке Саниязова

Балаларыңыздың осы жолға келгенін қалайсыз ба?

- Өздері қаласа, кетәрі емеспін. Өйткені мемқызмет - тәп-тәуір тәрбие мектебі. Балаларым әзірге жас. Бірі - оқушы, бірі - студент. Ұлым құрылысшы-архитектор мамандығына машықтанып жүр. Қызымның арманы - экономика саласында еңбек ету. Қалғанын уақыт көрсетеді.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer