Зеренді ауданына қарасты Шағалалы ауылының тұрғындары бірнеше тәулік бойы жарықсыз әрі ауыз сусыз қалатынына шағымданды. Тұрғындар жергілікті атқарушы органдарға хат жазып, арнайы барып шағым айтқанымен мәселені шешуге әкімдіктердің қауқары жетпей тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Зеренді ауданындағы жарық мәселесі ондаған жылдар бойы шешімін таппай жатқан мәселе. Тоқсаныншы жылдары Жанғаловтың меншігіне өтіп кеткен электр желілері күні бүгінге дейін еш қызмет көрсетілмеген әрі жөнделмегендіктен тозығы жеткен. Бірақ мәселе күні бүгінге дейін шешімін таппай келеді. Ауыл адамдары аудан әкімінің ауыл тұрғындары бірнеше тәулік бойы сусыз қалса да еш әрекет етпейтініне налитынын жеткізді.
"Күнара жарық өшіп қалады. Жарықпен бірге ауыз су да тоқтап қалады. Тіпті бірнеше тәулік бойы мүлде сусыз қаламыз. Ала жаздай сусыз әрі жарықсыз қалып әбден қажыдық. Жарықтың жиі өшіп қалуынан техникаларымыз жарамсыз болып қалғаны да бар. Тұтас ауылда колонкалар да жоқ. Бір-екі колонкалар ғана қалған. Колонкалардың істен шығуына ауыл жастарының суын ағызып жіберіп, аулаларды суға толтырып тастағаны себеп болған. Мұны аудан әкімі де біледі. Бірақ еш әрекет етпейді", - дейді Галина Мирошниченко есімді Шағалалы ауылының тұрғыны.
Зеренді ауданы әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ауданның оңтүстік бөлігіндегі электр желілерінің "Зеренді групп" акционерлік қоғамына тиесілі болғандықтан еш амал істей алмай жатқандарын мойындады. Аталған жағдайды реттеу үшін әкімдік төтенше жағдай жариялап қана амалдап отыр.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.