ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
27 декабря 2021 | 19:47

Ақтөбеде азаттықты аңсаған ұлт арыстары ұлықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 25 желтоқсанда тарихи тұлғалар бейнеленген "Азаттықтың ақ таңы" мемориалдық кешені ашылды. Осыған орай Ақтөбеде бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 25 желтоқсанда тарихи тұлғалар бейнеленген "Азаттықтың ақ таңы" мемориалдық кешені ашылды. Осыған орай Ақтөбеде бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кешен ашылуының қарсаңында Ақтөбе облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде өлкетанушы Бекарыстан Мырзабайдың жетекшілігімен "Азаттықты аңсаған ұлт арыстары!" атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті.

Кездесу кешінің мақсаты Ақтөбе қаласында ашылған Әлихан Бөкейханов бастаған 11 тұлғаның, алаш ардақтыларының өмірін, тарихын түсіндіру болды. Соның ішінде ақтөбелік Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Телжан Шонанұлының алаш арыстарымен рухани байланыс қатынастарын халқымыздың тәуелсіздікке жету үшін күрес жолындағы қилы тағдырын баян ету, насихаттау және өзара адами қатынастарын тарихи деректер арқылы жас ұрпаққа жете түсіндіру көзделді.

Кездесу кеші Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ-де ашылған Ұзақбай Құлымбетовтың өмірі мен саяси қызметіне арналған "Азаттықты аңсаған ұлт арысы" бұрышын таныстырумен басталды.

Ал Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапхана "Алаш арыстарының кітаптары көрмесін" жасады.

Өңір мектептерінің мұғалімдері тарихи тұлғаларға қатысты танымдық сабақтар өткізіп, баяндамалар оқыды.

Кездесу кешіне Ұзақбай Құлымбетовтің, Телжан Шонанұлының, Темірбек Жүргеновтің, Тел Жаманмұрыновтың ұрпақтары мен туысқандары, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Маңдайлы Қосымбаева, тұлғалардың есімдері берілген мектептердің ұстаздары мен оқушылар қатысты. Кезедесу кеші рухани азығы мол танымдық шара болды.

Ал 25 желтоқсанда Ақтөбеде "Азаттықтың ақ таңы" мемориалдық кешені ашылды. Мемориалдық кешенге "Алаш" партиясының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов сынды белгілі қайраткерлері және Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов секілді Кеңес үкіметі мүшелерінің барельефті бейнелері бар.

© Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Өлкетанушы Бекарыстан Мырзабайдың айтуынша, "Алаш" ардақтылары мен Кеңес үкіметінің мүшелерін бір кешенге қосудың өз себебі бар. 

"2018 жылы Ақтөбеде Тәуелсіздікті аңсаған алаш қайраткерлерінің өз кешені болуы керек деген ой көтерілді. Басында 14-15 тұлға іріктеліп, кейін "Құлымбетов, Жүргеновтерді қосуға болмайды, олар кеңес қызметкерлері" деген пікірлер болды. Кейін кеңес дәуірін тереңірек зерттеген тарихшы ғалымдармен кеңесіп, азаттықты аңсағандардың біртұтас кешені болғаны дұрыс деген ойға тоқталдық 

Өйткені "Алаштың" идеясын сөндірмей тоталитарлық жүйе жағдайында Ұзақбай Құлымбетов бастаған бірқатар кеңес қызметкерлері алаш идеясының біразын іске асырды", - дейді Бекарыстан Мырзабай. 

Сонымен қатар, ол бұған мысал келтірді. 

"Әлихан Бөкейхановтың "Қазақ даласының әрбір түйір тасы қазақ баласының омырауына түйме болып тағылсын, өндірілген әр уыс жүн қазақ баласының иініне киім болып киілсін" деген сөзі бар. Ұзақбай Құлымбетовтің 1925 жылдан бастап Микоянға, Калининге, Дзержинскийге жазған хаттарында патша үкіметі кезінде тартып алған алтын, тұз кендерін қайтару, жер қойнындағы байлықтарды зерттеу, Қазақстанның төрт аймағында тері зауыттарын ашу, жүн жуатын, иіретін цехтар ашу ұсынылып,ақша - қаржы сұралған. "Орталықтан біздің алғанымыздан бергеніміз көп. Орталықтан алмасақ та, бермесек те, күн көре аламыз. Бірақ Орталық соған тұра ала ма?" - дейді Ұзақбай Құлымбетов. Сондағы орталығы Мәскеу ғой. Осындай ондаған мысалды келтіруге болады - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети