ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 марта 2020 | 10:12

"Әлемде жағдай қиын". Мамин коронавирусқа байланысты министрліктерге тапсырма берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирусқа байланысты министрлік өкілдеріне тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирусқа байланысты министрлік өкілдеріне тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамин алдын алу шараларын қабылдау керегін айтады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирус инфекциясын қорғау шараларын күшейтуді тапсырды. Әлемде жағдай қиын. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазіргі уақытта вирус 50-ден астам елден анықталды және өте жылдам таралуда. Қазір Қазақстанда коровиурспен ауырған адамдар жоқ. Сондықтан барлық алдын алу шараларын жалғастыру қажет. Коронавирустың таралуы әлем экономикасына үлкен әсерін беруде. Атап айтқанда, ол өнеркәсіп саласына, транзитке және саудаға, экспортқа теріс әсер етіп жатыр", - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте, Маминнің айтуынша, Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажет.

"Бірінші, Денсаулық сақтау министрлігіне барлық мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде санитарлық эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін және әзірлемелер схемалар алгоритмін іске асыруға дайын болуын қамтамасыз етсін.

Екінші, Сыртқы істер министрлігі елде осыған дейін жоспарланған ірі халықаралық іс-шараларды ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізсін және коронавирус таралған елдер үшін транзиттік, электрон, туристік визаларды беруді тоқтату қажет.

Үшінші, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы вирустың жылдам таралып жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Сонымен қатар еліміздің фармацевтикалық кәсіпорындарда медициналық маскалар мен вирустан қорғау қосымша құралдарды шығаруды ұлғайту қамтамасыз етсін.

Төртінші, өңірлердегі әкімдіктер, мемлектетік және жеке ұйымдарда әсіресе оқу орындарында халықты медициналық көмек көрсету ұйымдарда және сауда орталықтарында, базарларда эпидемияға қарсы шараларды күшейтсін", - деді Мамин.

Коронавирус: Біртанов елімізде қанша адамның бақылауда екенін айтты

Еске салайық, мұның алдында коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланған еді.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer