Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 января 2022 13:18

Алматы электр қуатынсыз қалды: бағдаршамдар істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев Фото: Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

25 қаңтарда Алматыда және Қазақстанның бірқатар өңірінде жарық сөнді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


25 қаңтарда Алматыда және Қазақстанның бірқатар өңірінде жарық сөнді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде алматылықтар және бірқатар өңір тұрғындары электр жарығы жоқ екенін жазып жатыр. Жарық жоқтығынан бағдаршамдар жұмыс істемей, көлік қозғалысы нашарлаған.

Сурет: Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

Жолдарда тәртіп сақшылары байқалмайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Интернетке қосылу да нашарлағанын жазып жатыр.

Сурет: Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Алматының бірқатар ауданында электр жарығы жоқ. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының тұрғындары да электр қуаты жоғын айтып жатыр.

Сурет: Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

БАҚ Ташкентте және Өзбекстанның көптеген облысында электр қуаты жоқ екенін хабарлады - Бішкек, Ош және Ыстықкөл облысы жарықсыз қалған.

Энергетика министрлігі мәліметінше, мамандар ақауларды жою бойынша жұмыс істеп жатыр. Жағдай туралы қосымша ақпарат беріледі.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети