ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 сентября 2019 | 21:54

Алматы облысындағы пойыз апаты: Автобус жүргізушісінің әйелі төрт баламен жесір қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ләйла Жарылғасова. © azattyq-ruhy.kz Ләйла Жарылғасова. © azattyq-ruhy.kz

Алматы облысы Шамалған станциясында болған жол апатынан қаза тапқан автобус жүргізушісінің әйелі Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайын айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Шамалған станциясында болған жол апатынан қаза тапқан автобус жүргізушісінің әйелі Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайын айтты. 

Автобус жүргізушісінің аты-жөні Нұрғали Сорокуба екен. Әйелі Ләйла Жарылғасова сұхбатында төрт баласымен жесір қалғанын айтады. Бүгін Қошмамбет ауылында жерлеу рәсімі өткен. 

"Төрт баламыз бар, үлкеніміз биыл институтқа түсті. Келесі жылы бір баламыздың сүндет тойы деп отыр едік. Бүгін тағы бір баламыздың туған күніне папасы осындай "сыйлық" жасап кетті", - дейді жолдасын ақтық сапарға шығарып салған Ләйла Жарылғасова. 

Ерлі-зайыпты "Қаскелең автобус паркі" ЖШС-да соңғы бір жылдан бері бірге жұмыс істеп келген. Күйеуі - жүргізуші, ал өзі кондуктор болған.

Жарылғасованың айтуынша, бағдаршамның қызыл түсі жанса да, диспетчер кептеліс болмасын деп әдетте шлагбаумды ашып қоятын болған. Бұл жолы да әдеттегі жағдай қайталанған. Алайда, пойыз жақындап қалғандықтан кондуктор мен жүргізуші жолаушыларды шұғыл түсіре бастаған.

"Диспетчер кептеліс болмасын деп қызыл түс жанса да шлагбаумды ашып қояды. Он минутқа дейін жанып тұра береді. Олар автобустың келгенін, симайтынын, шығып кете алмайтынын білді ғой. Онда неге шлагбаумды ашты? Адамдарды шығарып үлгердік. Бір апаны қолынан жетектеп апарғанша пойыз да келіп қалды. Сол сәтте күйеуіме "Секіріп кетші!" деп айғайладым. "Аяғың сынса да секіріп кетші" дедім тағы да. Үлгермеді ғой, жаным, алтыным", - дейді сұхбатынд Ләйла Жарылғасова.

Еске салайық, апат 15 қыркүйекте шамамен сағат 19.20-да Ақсеңгір - Шамалған пойыз жол өткелінде болған. Жолаушылар автобусының жүргізушісі белгі берілгеніне қарамастан, теміржолға шығып кеткен. Осы кезде автобусты пойыз қағып өткен. Апаттан жүргізуші қаза тауып, тағы үш адам - жолаушы әйел мен оның екі баласы - жансақтау бөліміне түскен. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer