ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
03 сентября 2021 | 12:33

Алматыда алдағы үш жылда 45 мың жануарға чип салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz Фото © Tengrinews.kz

Алматыда 2024 жылға қарай 45 мың жануарға чип салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 2024 жылға қарай 45 мың жануарға чип салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы Әйгерім Жақсылық айтты. 

"Ол жыл сайын иттер мен күшіктерге құтыруға қарсы вакцина салдырумен қатар жүргізіледі. Сонымен қатар, асылдандырумен айналысатын барлық ұйым жануарларды чиптеуге міндетті", - деді Әйгерім Жақсылық ӨКҚ брифингінде. 

Оның сөзінше, жануарларға чип салу тегін жүргізіледі. Ал Pet Control бағдарламасы арқылы қалада жалпы 102 675 жануар тіркелген. Оның ішінде, 63 832-сі ит болса, 38 843-і мысық. 

80 миллион теңге айыппұл. Шетелде жануарды қорлағандардың жазасы қандай?

Айта кетейік, жануарларға чип салу мынадай жағдайлар үшін қажет: ит немесе мысық жоғалған/табылған/ұрланған кезде қожайынына ескертуге, жануардың ветеринарлық жағдайын бақылауға, бір жануарды екінші жануармен ауыстырып алмау үшін, құтыру ауруына қарсы вакцина егілмеген және басқа да жұқпалы ауруы бар жануарларды тасымалдамау үшін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети