ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 августа 2021 | 12:39

Алматыда азық-түлік қымбаттауына не әсер еткені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы азық-түлік бағасы неге қымбаттағаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы азық-түлік бағасы неге қымбаттағаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқарма басшысының орынбасары Дамир Тазабектің айтуынша, азық-түліктің қымбаттауына бірнеше фактор әсер еткен.

"Азық-түліктің қымбаттауы - әлемдік тренд. Өздеріңізге белгілі, 19 миллионға жеттік, сондықтан өсіріліп жатқан өнім халық санынан аз. Сонымен қатар, постпандемиялық кезеңде логистика жүйесінің нашарлауы, яғни кейбір елдердің жабылуы және табиғи апаттарға байланысты баға өсіп жатыр", - деді Дамир Тазабек ӨКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша бүгінде Алматыда тұрақтандыру қоры жұмыс істеп жатыр.

"Қорға 10 миллиард теңге ақша бөлінген. Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен (халық - авт.) осы қор арқылы қамтылып отыр. Сонымен қатар, қала тұрғындарына төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі жасалып отыр", - дейді ол. 

Азық-түлік қымбаттауы бірнеше жылға созылуы мүмкін - экономист

Еске салайық, бұған дейін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елде көбіне импортқа тәуелді өнімдер, экспорттық сұранысы жоғары тауарлар мен маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністер бағасы өскенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети