ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 января 2022 | 11:12

Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Әбдіжаббарова

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы қаласындағы коронавирус бойынша жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласындағы коронавирус бойынша жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әбдіжаббарова Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасы бойынша үш күннен бері "қызыл" аймақта орналасқанын атап өтті. 

"Апталық сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті. Инфекция индексі аясында 1,4-2,5-ға дейін ұлғайды. Ол 1,8 есеге дейін көбейді", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова ӨКҚ брифингінде. 

Айта кетейік, Алматы республика бойынша коронавирус жұқтырғандар статистикасында бірінші орында тұр. Қалада жалпы 187 234 адам коронавирус жұқтырып, 180 995 адам аурудан айыққан. 

Мұның алдында Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа омикрон штамы табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойған еді. 

Қаулы шарттары мынадай:

  • Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, уйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;
  • қоғамдық орындарға, онын iшiнде қаоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
  • ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде ("кызыл" статус) және науқаспен жақын байланыста болған кезде ("сары" статус) - 14 күн iшiнде өзін оқшаулау режимі.

Еске салайық, 12 қаңтарда Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалған еді. Бұл қызметке ол зейнетке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына келді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer