Алматыда эпиджағдай күрделене түсті - Бекшин

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда эпиджағдай күрделене түсті - Бекшин Фото: elements.envato.com

Алматы қаласының баc санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтыру дерегінің өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының баc санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтыру дерегінің өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделеніп бара жатыр.

"Алматыда қазанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайы күрделене түсті. Ауру өсімі байқалады. 19 қазанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 10 дерек жергілікті, 2 дерек шетелден әкелінген. Тұрғындар вирусты Мысырда жұқтырған", - дейді ол өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы этилогиясы анықталмаған пневмонияның 4 дерегі тіркелгенін атап өтті.

"Аурудың тәуліктегі өсімі 0,05 пайыз болды. Репродуктив сан, яғни инфекцияның таралуының индексі 1,06 болды. Бұл индекс бірден өссе, бұл індет өсіп жатқанын көрсетеді. Алматыда коронавирус жұқтырудың 14 539 зертханалық расталған дерегі тіркелді", - дейді Бекшин.

Сонымен қатар, Алматы қаласының баc санитар дәрігері Түркия, Дубай және Еуропадан келген азаматтардан COVID-19 вирусы анықталғанын атап өтті. Осыған байланысты ол қазақстандықтарға шетелге бармауға кеңес берді.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 14 539-ға жетті. 14 156 науқас жазылды, 275 науқас көз жұмды.

Қазақстанда 109 623 адам COVID-19 жұқтырды. 105 145 науқас айықты, 1 768 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 1
Астана -3
Актау -1
Актобе -2
Атырау -1
Б
Балхаш 0
Ж
Жезказган -2
К
Караганда -4
Кокшетау -3
Костанай 2
Кызылорда -4
П
Павлодар -12
Петропавловск -2
С
Семей -2
Т
Талдыкорган 5
Тараз 3
Туркестан 0
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 6
Ш
Шымкент -3

 

Редакция Реклама
Социальные сети