ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 ноября 2021 | 16:02

Алматыда "жасыл" статусы жоқ адамдарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салына ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда астанадағыдай сауда орталықтарына "жасыл" статусы жоқ адамдардың кіруіне тыйым салынуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда астанадағыдай сауда орталықтарына "жасыл" статусы жоқ адамдардың кіруіне тыйым салынуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, егер қаулы тиімді болса, өзге өңірлерде де бұл мәселе қарастырылуы мүмкін.  

"Бүгінде Нұр-Сұлтанда сондай қаулы қабылданды. Ол ұзақ уақыт бойы талқыланды. Ол пилоттық шешім. Егер ол тиімді болса, басқа өңірлерде де сондай шешім қабылдануы мүмкін. Шамамен бір аптадай бақылаймыз. Егер тиімді болып, науқастар санының азаюына әсер етсе, басқа өңірлерде де осы мәселе қарастырылуы мүмкін. Бұл менің жеке ойым", - деді Бекшин ӨКҚ брифингінде. 

Еске салайық, елордада 15 қарашадан бастап "көк" статусы бар тұрғындар сауда үйлеріне кіргізілмейді. Қаулыға сәйкес, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс істей алады.

Алайда олар штаттық жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауы тиіс екені айтылады.

Қаулы 15 қарашадан бастап күшіне енеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer