КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
12 мая 2020 | 17:12

Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақыны комиссия тағайындайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: report.az Фото: report.az

Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерілеріне өтемақы беру мәселесін арнайы комиссия қарайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерілеріне өтемақы беру мәселесін арнайы комиссия қарайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шаһарда коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің жалақасына үстемеақы беру бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр.

"Наурыз айында мемкомиссияның шешімімен медицина ұйымдарындағы 3700 қызметкерге үстемеақы берілді. Жалпы 1 миллиард 134 миллион теңге бөлінді. Сәуірде мемкомиссия шешіміне сәйкес шамамен 4 400 медицина қызметкеріне 1 миллиард 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Медицина қызметкерлері тарапынан түскен сұрақтарды комиссия қарап, тиісті шешімді шығарады", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 Осы орайда Тілеухан Әбілдаев тағы бір комиссия құрылғанын атап өтті.

"Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы беру бойынша тағы бір комиссия құрылды. Оның құрамында қоғам белсенділері, ғылыми қызметкерлер және түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Қазіргі таңда комиссия медициналық ұйымдардан түскен материалдарды қарап жатыр. Яғни індет жұқтырған медицина қызметкерлеріне қатысты. Сондай-ақ, бұл комиссияның шешімімен сәйкес жұмыс орнында індет жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы беру мәселесі қаралады", - деді қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Еске салайық, кеше үкімет басшысының орынбасары елімізде СOVID-19 вирусымен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемеақы тамыз айына дейін берілетінін айтқан.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 5 279-ға жетті. 2108 науқас айықты, 32 адам көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer