Алматылықтар коронавирусты көбіне қонаққа барғанда жұқтырған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылықтар коронавирусты көбіне қонаққа барғанда жұқтырған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қаладағы адам көп шоғырланатын орындарды аралаған кезде ас беріп жатқан екі дәмхананың ішінде 60 адам маскасыз отырған. Ескерту жасалғаннан кейін қонақтар үйіне тараған.
"Наурызбай ауданында екі дәмхана жабылды. Сол екі дәмханада: "Алматы", "Панорама" дәмханаларында ешқандай эпидемиялық талаптарды сақтамай, маскасыз және шоғырланып, 60-тан астам адамға ас берілді. Мониторинг топтары бұл заңбұзушылықтарды тоқтатты. Осы асқа қатысқан адамдарға түсініктеме айтқаннан кейін бәрі тарап кетті", - деді Бекшин Алматы телеарнасында өткен онлайн-брифингте.
Коронавирус анықталып, симптомы жоқ болса не істеу керек?
Сондай-ақ бас санитар коронавирус жұқтырған алматылықтардың көбі қонаққа барғанын атап өтті.
"Біз анализ жасаған кезде, көбінесе, осындай адам көп шоғырланған жерге барыпты. Ең бірінші жабық баспаналарда, сауда орталықтарында болған. Өкінішке қарай, жасырын айтады. Ауырып жатқандарға эпиданамнез жасаған кезде "қонаққа бардық" дейді. Жасыратын ештеңе жоқ. Банкеттер жасап жатыр екен. Сондықтан тұрғындардан адам көп жиналатын орындарға бармауды сұраймыз. Ал, мынадай жабық орындарға барған кезде маска тағу керек, антисептик пайдалану керек. Нысанның ішіне кіргенде санитейзерді пайдалану керек", - деді Бекшин.
Желіде карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап жатыр
Бұған дейін онлайн-брифингте Алматыда жағдайы ауыр науқастардың саны артып бара жатқаны белгілі болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!