ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
10 ноября 2020 | 17:39

Алматыда мейрамхана жұмыс уақыты қысқарды. Бекшин түсінік берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қалада коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатқанын атап өтті.

"Ауру жұқтыру дерегі көбейіп жатыр. Осыған байланысты біз мейрамханалардың жұмыс уақытын қысқаруға шешім қабылдадық. Өткен (Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің - ескерту) қаулысымен салыстырғанда жұмыс уақытын 1 сағатқа шегердік. Бұл сақтық шараларын күшейту болып саналады. Бұл шара тұрғындардың қоғамдық орындарға аз баруы үшін жасалып отыр", - дейді ол өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жандарбек Бекшин алматылықтарға сақ болуға кеңес берді.

"Алматыда қыркүйек, қазанда коронавирус жұқтыру дерегінің азайған еді. Алайда қарашаның алғашқы күнінен бастап, ауру өсімі байқалып отыр. Егер осыған дейін тәулігіне коронавирус жұқтырудың 10 дерегі тіркелсе, қазір 24 дерек тіркеліп жатыр", - деп түйіндеді сөзін Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Осыған дейін Алматыдағы мейрамхана түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген еді

Айта кетейік, Алматыда 14 990 адам COVID-19 жұқтырды. 14 251 науқас айықты, 290 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 117 336-ға жетті. 108 169 науқас жазылды, 1 857 адам аурудан көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети