Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда коронавирус инфекциясының өршуінің 3 себебін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда коронавирус инфекциясының өршуінің 3 себебін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Алматыда 8 259 тұрғын COVID-19 жұқтырған.
"Оның ішінде 5 480 науқастың симптомы бар, ал 2 779 науқастың симтомы жоқ. Негізінен ауру 20-29 жастағы адамдардың арасында басым", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол жастар арасында коронавирус инфекциясының жұқтыру дерегі неге жиілеп кеткенін түсіндірді.
"Жастар арақашықты сақтамайды. Олар маска кимейді, көбінесе топпен жүреді. Мұны (коронавирус инфекциясының өршуі - автор) 3 себеп деп атауға болады", - деді қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.
Айта кетейік, Алматыда 8 259 адам COVID-19 жұқтырды. 4 945 науқас дертінен айықты, 54 адам қайтыс болды.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65188-ге жетті. 39 066 науқас жазылды, 396 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!