ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 января 2022 | 11:41

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ©Shutterstock Көрнекі сурет: ©Shutterstock

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әбдіжаббарованың сөзінше, Pfizer-ді ақылы түрде жеткізу бойынша қажет келіссөздер жүргізілген. 

"Негізі Pfizer бойынша Денсаулық сақтау министрлігі оны ақылы түрде жеткізу мәселесін қарастырған болатын. Ол үшін қажет келіссөздер жүргізілді. Бірақ бүгінде бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейінгі қаулысында және біздің қаулыда да атап өттік. Яғни Pfizer-ді медицина қызметкерлері және 60 жастан асқандар ревакцинация үшін қолдана алады. Ал Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қаламызда қарастырылып жатқан жоқ", - деді Әбдіжаббарова ӨКҚ брифингінде. 

Еске салайық, Алматыда жаппай вакцинация басталғалы екпенің бірінші компонентін 1 054 327 адам, екінші компонентін 1 019 181 салдырды. 

Pfizer (Comirnaty) екпесін 32 427 адам, оның ішінде 1 810 жүкті әйел, 6 605 емізулі ана және 24 012 бала мен жасөспірім салдырды. 76 314 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети