ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 апреля 2021 | 13:22

Алматыда студенттер жатақханадан шығарыла ма? Департамент жауап берді

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Желіде Алматыда карантинге байланысты студенттер жатақханадан шығарылып жатыр деген ақпарат тараған. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова студенттер жатақханадан шығарылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматыда карантинге байланысты студенттер жатақханадан шығарылып жатыр деген ақпарат тараған. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова студенттер жатақханадан шығарылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифингте журналист "Былтыр қыркүйекте Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі үйінде білім алуға мүмкіндігі жоқ студенттерге университет тұратын жер, яғни жатақхана қамтамасыз етеді деп шешті. Қазақстанда ондай бес мың студент бар. Олардың көбі Алматыда. Енді оларды кеше, бүгін жатақханадан шығарып жатыр. Олар енді не істейті?" деп сұрады.

Ал Әсел Қалықова студенттер жатақханадан шығарылмайтынын айтты. 

"Алматы бас санитария дәрігерінің қаулысы күшіне енді. Ол бойынша 1-курс студенттері офлайн оқи алады, бұл жатақханада тұруға да қатысты. Ал нақты осы жағдайға қатысты айтсам, бұл студент пен ЖОО ректоры өзара шешетін мәселе. 

Сабақ оқуға мүмкіндігі және тұратын жері жоқ студенттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып жатақханада қала бере алады", - деді ол. 

Сонымен қатар, Қалықова жатақханаларға мониторинг кеше басталғанын айтты.

"Жатақханаларда жүргізілген мониторинг тексерістерінің нәтижесін айтсам, студенттердің бір бөлігі жатақханадан тыс жерлерге шығып тұратыны анықталды.

Қаладағы жатақханалардың бірінде 3 адамнан коронавирус расталды. Студенттер тестті өзі тапсырған. Олар бір бөлмеде тұрмайды. Жатақханада эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жасалды, байланыста болған адамдар анықталды, қосымша ПТР-тест алынды", - деді Әсел Қалықова.

Еске салайық, Алматы 10 наурыздан бері "қызыл" аймақта. Қалада 12 сәуірге дейін шектеулер енгізілген. Оқушылар мен студенттер (кезекші сыныптардан басқасы) қашықтан оқуға көшті.

Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин эпиджағдай нашар екенін айтқан болатын

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer