ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 июля 2021 | 14:54

Алматыда суррогат ана мүгедек болып қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Надежда. Видео кадры Надежда. Видео кадры

Алматыда суррогат ана мүгедек болып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнадағы" "Оян, Qazaqstan" бағдарламасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда суррогат ана мүгедек болып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнадағы" "Оян, Qazaqstan" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бағдарлама мәліметінше, Надежда есімді тұрғын коронавируспен ауырып шыққан. Ол үш баласын ешкімге қаратпай өзі асыраған. Тек өзінікі болса да, құлайын деп тұрған үй арқасына аяздай батқан көрінеді. Сондықтан Надежда үлкен тәуекелге бел байлаған.  

"Бала сүйе алмай жүрген таныстарым бар, мысалы, олар менің балаларымды көргенде қызығатын. Әуел баста, егер қолымнан келсе, неге тәуекелге бармасқа деп ойладым. Екінші жағынан, егер ондай адамдар маған ақша төлесе, ескі үйімді жөндегім келді, болмаса жаңа үйге көшемін деп ойладым. Міне, бар ойым осы еді", - дейді Надежда. 

Оның бұл ойын білген бір танысы суррогат ананы тауып беретін агенттік туралы айтқан. Надежда туатын баланың әке-шешесі тез табылыпты. 

"Мен жай бір бағдарлама арқылы таптым. Бала сүйе алмай жүрген отбасы бар деді, "тамаша" деп келістім. Бес ай бойы бәрі тамаша болды. Бірақ, ақыры...", - дейді Надежда. 

Ақыры Надежда коронавирус жұқтырып алған. Дәрігерлер қатты ауырмаған соң, бірінші үйде емдел деген. Кезекті анализге келген кезде, бақылаған дәрігер оны шұғыл түрде операцияға жатқызған. Коронавирус аяғы ауыр келіншектің өкпесін ғана зақымдамаған екен.

"Операциядан кейін операция болды. Дәрігердің айтуынша, менің бүйрегім де, бауырым да істен шығыпты. Өкпем 92 пайыз зақымданған. Сол күні 2 литр қан жоғалттым", - деді Надежда. 

Дәрігерлер не Надежданы, не іштегі егіз екі баланы құтқаруы керек болған. Суррогатты ана бол деген отбасы дәрігерлерден Надежданы аман алып қалуды сұраған. Ең қиыны, Надежда бес ай көтерген екі баласынан да, енді ана атану бақытынан да айырылған. 

Бүгінде Надежда әлі емделіп жүр. Ол халықтан ақшалай көмек сұрап отыр. Үш келіден ауыр дүние көтеріп, қатты қозғала алмайды. Надежданың айтуынша, суррогат ана болуға келіскен отбасы шамамен төрт миллион теңге төлеген. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer