ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
31 января 2019 | 10:13

Әнші Гауһар Әлімбекова алаяқтық үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әні ұзату тойларының символына айналған Гауһар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әні ұзату тойларының символына айналған Гауһар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың 30 қантар күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алимбекова Гауһар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады соттағылар. 

Сондай-ақ, әншінің жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтіні айтылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, бұл істе тағы бір фигурантқа - Феруза Ордабаеваға қатысты үкім шыққан. Екінші фигурант осы баппен айыпты деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. Алайда оған қатысты "ҚР Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабының 1-тармағы 2-тармақшасының жартысына дейін қысқартылып, оған түпкілікті түрде 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. 

Екінші фигурант жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети