ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 июня 2020 | 13:17

Арыстағы кейбір үйлер сапасыз салынған. Қала әкімі түсінік берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек шаһардағы кейбір үйлердің сапасыз салынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек шаһардағы кейбір үйлердің сапасыз салынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен әкім жарылыс кезінде Арыс қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны Түркістан облысының барлық ауданы мен Шымкент қаласының эвакуациялық пунктеріне көшірілгенін жеткізді. Ол облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 2 ай қалада тұрып, күндіз-түні жұмыс істегенін атап өтті. Нәтижесінде Арыс қаласы 2 айда толық қалпына келтірілген.

"Қала 17 секторға бөлініп, 17 штаб құрылды, әр секторда 14 облыспен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары жауапты болып бекітілді. Олар жарылыстан зақым келген үйлерді қалпына келтіруге кірісті. Арыс қаласында 8 626 үй бар. Төтенше жағдай салдарынан 7 635 үй зардап шекті. Оның ішінде 483 үй жарамсыз деп танылып, құрылысы жаңадан салынды. Олар пайдалануға берілді", - деді қала әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, 7 155 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, Мұрат Қадырбек "Арыстағы кейбір үйлер сапасыз салынған" деген мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Қалада 8 мыңға жуық үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде бірен-саран осындай жағдайлар болуы мүмкін. Бұл мәселе заң шеңберінде шешіледі. Егер тұрғын жөндеу жұмыстарынан кейін үйінен белгілі бір жасырын ақаулар тапса, біз мердігер компанияны шақырып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп береміз. Ол келісім шартта көрсетілген. Жыл басынан берін мұндай жағдайлар болды. Тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, осыған дейін Арыстағы инфрақұрылым 90 пайызға қалпына келтірілгені хабарланған еді.

Еске салайық, 2019 жылы 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. 

Төтенше жағдайдың төртінші күні Арыс тұрғындары үйіне оралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арыстағы жарылысқа жол бергені үшін лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланып, кейбірі қызметінен босатылды.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Арыстағы жарылыстан мемлекетке шамамен 20 миллиард теңге көлемінде шығын келген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети