КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
23 апреля 2020 | 11:33

"Ас ішудің өзі мұң". Елорда іргесіндегі тұрғындар жанайқайын жеткізді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: скрин Фото: скрин

Нұр-Сұлтан іргесіндегі "Лесная поляна" шағын ауданының тұрғындары үш күннен бері жарық жоғын айтып, жанақайын жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан іргесіндегі "Лесная поляна" шағын ауданының тұрғындары үш күннен бері жарық жоғын айтып, жанақайын жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қосшы ауылдық округіне қарасты бұл шағын ауданда шамамен 35 мың адам тұрады. Аудан тұрғыны Жанболат Шәкім соңғы кездері жарық жиі өшіп, тұрғындардың мазасы қашқанын жеткізді.

"Күндіз 6-7 сағат жанған жарық түс ауа өшіп қалады. Үшінші күн жарықсыз отырмыз. Ыстық тамақ ішудің өзі мұң болды. Азық-түлік дүкенінен тамақ сатып алуға қорқамыз. Жарық болмаған соң, ондағы тоңазытқыш та дұрыс жұмыс істемейді. Салдарынан азық-түлік бүлінуі мүмкін", - дейді ашынған тұрғын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың назарына! Үш күннен бері елорда іргесіндегі Лесная поляна шағын ауданында жарық жоқ. Қазір бұл ауданда 35 мыңдай халық тұрады. Күндіз алты-жеті сағат жанған жарық түс ауа жалп етіп өшіп қалады. Бұл əсіресе карантин жағдайында үйде қамалып отырған тұрғындарға қиын болып тұр. Азық-түлік дүкендерінің иесі тауарларының бұзылып кетуінен қорқады, əрі тоңазытқыштары да істен шыға ма деп алаңдайды. Ал қарапайым халық үйден шыға алмайды. Мектеп жасындағы балалары сабақ оқи алмайды. Ыстық тамақ ішудің өзі мұң. Ораза басталатындықтан ауызашарда бір мезгіл тамақ та іше алмаймыз ба деп қам жейді. ​​ Үш күннен бері сабырлық сақтаған тұрғындар бүгін далаға шығып, билікке арыз-шағымын айтты. Аудан əкімі келуден бас тартқанымен, əкім орынбасары халықтың көтеріліп кетуінен қорқып, алаңға келді. Олардың айтуынша, резервті линия былтыр істен шыққан. Содан бері оны қайта жөндемеген. Ал негізгі линия қайта-қайта үзіле береді. Жобаға ақша бөлінеді дегенмен ол бірнеше жылдан бері құр уəде. Облыс басшысы дұрыс мəн бермеген. Ақмола облысы Целиноград аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы, аудан əкімі орынбасарының міндетін атқарушы Мұрат Жаңабергеновтің айтуынша жарық Лесная полянаға үш-төрт күннен кейін толық беріледі. Оған дейін осылай қайта-қайта үзіле береді. Қазір жауапты компания тиісті жұмысты жасай алмай отыр. Энергияға "ЛМО" компаниясы жауапты. Халық тамағын газ баллонымен далаға пісіруге көшкен. Ал бұл өрт қауіпсіздігіне қайшы. Айналада тұрғын үй көп. Төтенше жағдай режимінде жұмысын үйде отырып жасап жүргендер де енді тиісті міндетін атқара алмай отыр. @lesnayapolyana_inform @lesnaya_koshi

Публикация от Жанболат (@zhanbolat_shakim)

Тіпті, үш күннен бері сабыр сақтаған шағын аудан тұрғындары кеше далаға шығып, билікке арыз-шағымын айтыпты. Жанболат Шәкім аудан әкімдігі құр уәде берумен ғана шектелетінін атап өтті.

"Ақмола облысы Целиноград ауданының əкімі бұл жерге келуден бас тартты. Ал əкімнің орынбасары резерв линиясы былтыр істен шыққанын айтады. Содан бері ол қайта жөнделмепті. Ал негізгі линиядағы электр жарығы қайта-қайта үзіле береді. Жобаға ақша бөлінеді дегенмен ол бірнеше жылдан бері құр уəде болып отыр. Әкімдік жарық "Лесная полянаға" үш-төрт күннен кейін толық берілетінін айтады. Бірақ оған сену қиын", - дейді ол.

Оның айтуынша, ауданды жарық көзімен "ЛМО" компаниясы қамтамасыз етеді. Бірақ бұл жауапты компания тиісті жұмысты жасай алмай отыр.

"Салдарынан халық тамағын газ баллонымен далаға пісіруге көшкен. Ал бұл өрт қауіпсіздігіне қайшы. Айналада тұрғын үй көп. Төтенше жағдай режимінде жұмысын үйде отырып жасап жүргендер де енді тиісті міндетін атқара алмай отыр", - дейді Жанболат Шәкім.

Оқиғаның мән-жайын білу үшін Қосшы ауылдың округінің әкімдігіне хабарластық. Ауыл әкімінің орынбасары Парасат Досмағанбетов шағын аудан тұрғындары шыдамсыздық танытты дейлі. Қазіргі таңда ауылға жарық беріліпті.

"Ауылда жарық кеше кешкі 7-де өшті. Себебі, электр линиясында апат болған. Тиісті жұмыстарды жүргізіп, түнгі 2-де оны қостық. Бірақ тұрғындар сәл сабырсыздық танытып, көшеге шықты", - дейді ол.

Осы орайда Досмағанбетов тұрғындардың 3 күн жарықсыз отырмағанын атап өтті.

"Ауыл тұрғындары 3 күн жарықсыз отырмыз дейді. Негізінде олай емес. 19 сәуірде жарық кешке өшті, түнгі 3-ке қарай оны қостық. Дүйсенбі күні жарыққа қатысты мәселе туындаған жоқ. Ал сейсенбі күні кешке тағы жарықсыз қалдық. Жөндеу жұмыстарын жүргізу 6-7 сағат уақытты алады. Бүгін түнде тағы жарық өшті. Осылайша, үшінші күн жарыққа қатысты мәселесі туындады", - деді ауыл әкімінің орынбасары.

Қазіргі таңда ол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, енді жарыққа қатысты мәселе туындамайтынын айтты.

"Лесная полянада электр сымдары жерде орналасқан. Біз электр бағаналарын орнатып жатырмыз. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген соң, бұл жұмыстар тоқтатылған болатын. Бүгінде жұмыс қайта жанданды. Мамандарды шақырттық. Бүгін таңғы 8-де жұмыс басталды. Құдай қаласа, кешкі 9-да аяқталуы керек. Ол аяқталған соң, жарыққа қатысты мәселе туындамайды", - дейді Парасат Досмағанбетов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Партияның Ақмола облыстық филиалының басшылығы қалыптасқан ахуалды таразылап, жергілікті атқару органдарымен бірлесіп мәселені жүйелі түрде шешу шараларын тұжырымдауы қажет. Адамдар әлдебіреудің салғырттығы салдарынан зиян шекпеуі тиіс, әсіресе Төтенше жағдай кезінде мұндайға тіпті де жол беруге болмайды. Партиялық бақылау комитеті бұл мәселені ерекше бақылауға алады. ⠀ Руководству Акмолинского областного филиала партии необходимо разобраться в сложившейся ситуации и совместно с местными исполнительными органами выработать меры по системному решению проблемы. Люди не должны страдать из-за чьей-то халатности, тем более в условиях режима ЧП. Комитет партийного контроля берет данный вопрос на особый контроль.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Сондай-ақ бұл мәселеге қатысты Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те пікір білдірді.

"Партияның Ақмола облыстық филиалының басшылығы қалыптасқан ахуалды таразылап, жергілікті атқару органдарымен бірлесіп мәселені жүйелі түрде шешу шараларын тұжырымдауы қажет. Адамдар әлдебіреудің салғырттығы салдарынан зиян шекпеуі тиіс, әсіресе төтенше жағдай кезінде мұндайға тіпті жол беруге болмайды. Партиялық бақылау комитеті бұл мәселені ерекше бақылауға алады", - деді ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer