ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
18 июня 2020 | 12:44

"Асқа барып, алты адамға вирус жұқтырған". Қазақстанда COVID-19 анықталғандар туралы не белгілі? 

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 887 адамға жетті. Елде COVID-19 табылған науқастар туралы азды-көп мәлімет бар. Бірі жәрлеу рәсіміне, басқа біреуі асқа барып, коронавирус жұқтырған. Оның ішінде медицина қызметкерлері де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 жұқтырғандар туралы соңғы бір аптада шыққан мәліметтерді ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 887 адамға жетті. Елде COVID-19 табылған науқастар туралы азды-көп мәлімет бар. Бірі жәрлеу рәсіміне, басқа біреуі асқа барып, коронавирус жұқтырған. Оның ішінде медицина қызметкерлері де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 жұқтырғандар туралы соңғы бір аптада шыққан мәліметтерді ұсынады.

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтан COVID-19 табылған

11 маусымда Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтан коронавирус табылғаны белгілі болды. Мәліметті Қазақстан Сыртқы істер министрлігі растаған. 31 жастағы әйел сол кезде Инчхонда болған. Ол Алматыдан 10 маусымда таңда ұшып барған екен.

"Корея ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, Қазақстан азаматынан COVID-19 вирусы табылғаны ресми түрде расталды. Сонымен бірге орталықтың хабарлауынша, науқаста коронавирустың белгілері жоқ. Қазіргі уақытта ол Инчхондағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында карантинде жатыр. Елшілік бұл мәселені бақылауда ұстайды", - деп түсіндірді ҚР СІМ өкілі.

Дәрігерлердің айтуынша, жолаушыда коронавирус белгілері табылмаған. Тек дене қызуы 37,1 градус болған. Кейін дәрігерлер науқастың кімдермен байланысқанын және Кореяның қай жерлеріне барғанын анықтауға кірісті.


© Reuters 

Нұр-Сұлтанда 300 медқызметкер коронавирус жұқтырған

12 маусымдағы жағдай бойынша, елордада 330 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Мұндай мәліметті Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

"Жалпы қала бойынша медицина қызметкерлері арасында 330-ға жуық науқас тіркелген. Бұл Нұр-Сұлтандағы республикалық, қалалық, ведомстволық мекемелер. Соның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медұйымдарында - 200. Медицина қызметкерлерінің тек үштен бірі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге тартылған стационарларда", - деді Қисықова брифингте.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда COVID-19 анықталған медицина қызметкерлері арасында өлім жоқ.

Асқа барып, алты адамға вирус жұқтырған

Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталықтың хабарлауынша, 2020 жылдың 30 мамырында Асубұлақ ауылының тұрғыны жарымен бірге Өскеменге еске алу асына барған, онда олардан басқа тағы 16 адам болған. Одан кейін асқа қатысушылар Алтай аймағына аттанған.

31 мамырда отбасы Асубұлақ ауылына оралған. 3 маусымда әйел өзін нашар сезініп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген, әлсіздік пайда болған.


© Тұрар Қазанғапов 

Артынша әйел медициналық көмекке жүгіну үшін Өскемен қаласының №4 ауруханасына барған.  Коронавирусқа сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

2020 жылдың 12 маусымындағы тест нәтижелері бойынша әйелмен байланыста болған тағы 6 адамнан коронавирус анықталған. Олардың бәрі үйдегі карантинге жатқызылған. Тек аурудың жеңіл формасы білінген көршісі Өскемендегі қалалық ауруханаға орналастырылған.

Ас беруден кейін 21 адам коронавирус жұқтырған

Қарағанды облысы, Шет ауданында ас беруден кейін бірнеше адам коронавирус жұқтырған.

"Өкінішке қарай, коронавирус жұқтырғандардың көбі адам көп жиналатын отбасылық мерейтой, туған күн, ас беру кезінде анықталып жатыр. Мысалы, Шет ауданында ас беруден кейін 21 адам коронавирус жұқтырған. Олардың көбі қарт адам мен созылмалы ауруы бар адамдар", - дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің айтуынша, аймақта коронавирус инфекциясының тез тарауына жергілікті тұрғындардың қауіпсіздік шарасын сақтамауы себеп болған.


© Тұрар Қазанғапов 

20-дан аса вирусолог пен медициналық 40 маман COVID-19 жұқтырған

Елордадағы ұлттық ғылыми медициналық орталығының 40 маманы коронавирус жұқтырған. Қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, қазіргі таңда медициналық орталықтағы жағдай бақылауға алынған.

"Ұлттық ғылыми медициналық орталығында қызметкерлер арасында коронавирус жұқтырудың 40 дерегі тіркелді. Зерттеу профилактикалық мақсатта жүргізілді. Жағдайы ауыр науқастар тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Жанна Пірәлиева бүгінде індет жұқтырған медицина қызметкерлері үйдегі карантинде екенін атап өтті.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың сөзінше, елордада 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырған.

"Зертханада жұмыс істейтін 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырған. Олар күні-түні тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адам, робот емес", - деді Қисықова.

Сондай-ақ, басқарма басшысы елордада коронавирусты анықтауға арналған тест пен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer