Астаналықтар газ келіп тұрса да көмір жаға ала ма? Құзырлы органның жауабы

20 Қараша, 13:50
0
Астаналықтар газ келіп тұрса да көмір жаға ала ма? Құзырлы органның жауабы - Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов
Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Елордада газ қосылған күннің өзінде көмір жағуға заң бойынша шектеу қойылмайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі газ және мұнай-газ химиясы департаменті директоры Зияш Қияқбаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында болған жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зияш Қияқбаев үкімет, жергілікті әкімшілік тарапынан жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Газды әр үйге кіргізіп беріп жатыр. Соған қоса, қымбат құрылғылар салынып жатыр. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі газды өзіндік құнынан төмен беріп жатыр. Көмір жаға ма, газ қоса ма - әр адам өзі шешеді. Оған заң тарапынан шектеу болмайды. Бірақ үйге келіп тұрған газды пайдаланбау, меніңше, дұрыс емес", - дейді Зияш Қияқбаев.

Сонымен қатар, газ құбырының аяқталу мерзімі кешігуіне байланысты кімнің қандай жазаға тартылатыны белгілі болды. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл айтты. 

"Ол конкурсқа қатысты процедуралар. Заңға сәйкес ешқандай қайшылық жоқ. Сондықтан ол мәселе бізге байланысты емес. Конкурстық процедуралар 45 күнге дейін өтеді және ары қарай компаниялар бір біріне шағымданып, сотқа беріп, сот аясында жүрген мәселелер. Оған біз ықпал ете алмаймыз. Сондықтан ол уақытта 4 ай ғана жоғалттық. Бірақ қазір жұмыс енді тез қарқынмен жүріп жатыр. Оның бәрін алдын алып келе жатырмыз. Бірінші, екінші кешенге биыл 550 миллион теңге бөлінген. Бірақ бүгінгі таңда 1,5 миллиардтай жұмыс істелген. Жеке трубалардың бәріне аванстар төленген. Құбырлар келіп жатыр. Сондықтан конкурстық процедураларға 4 ай жоғалтып алғанымызбен қазіргі жұмыс қарқынымен оны қалпына келтіріп жатырмыз", - дейді Ернат Бәзіл. 

Ернат Бәзіл газ тарифінің құнын сөз ете кетті. 

"Газ бағасының қымбаттауына байланысты: біріншіден жеке тұрғын үйлерге байланысты. Көмір жағу біріншіден, экологияға зиян. Екіншіден, көмірден күл шығады. Қазір әкімшілік тарапынан үйлерден күл тегін шығарылады. Негізі заң бойынша дүние жүзінде күл шығару үшін жеке ақша төленуі керек. Оны да санау керек. Күлдің бәрін "шлакоудаление" дейді ғой, әкімшілік тарапынан жер үйлерден тегін шығарып  береміз. Ол тек қоқыс шығаруға ақша төлейді, ал күлді тегін шығарып жатырмыз.

Оның бәрі қалдық. Ол күлдің бәрін қай жерге қоямыз? Орын жоқ, оның бәрін ойлану керек. Газдан еш зиян жоқ. Тұрғын үйлерге газ қойса, келіп батырмасын басып, керек температураны анықтайсыз. Біріншіден, ыстық су, жылу болады. Мысалы, көмірмен сіз тек үйді жылытасыз да, ал ваннаға ыстық су қолдану үшін бойлер қосасыз. Ол үшін қосымша ток кетеді. Меніңше газ қымбатқа шықпайды. Оның бәрін жеке санап шығу керек. Газ қолдану үшін артық әрекет керек емес, оның бәрі автомат түрде болады. Көмірмен олай істей алмайсыз. Сондықтан өз тарапымыздан газдың артықшылығы көп деп есептейміз", - дейді Ернат Бәзіл. 

Еске салайық, "Сарыарқа" магистраль газ құбырының құрылысы бойынша 3 миллионға жуық тұрғынды газбен қамту көзделген. Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребековтің сөзінше, жоба құрылысының жалпы құны - 267,3 миллиард теңге. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц