ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
18 марта 2024 | 10:00

"Ата-ананың азғантай қаржысы жетпейді". Ақтөбеде Даун синдромымен дүниеге келген балалар емге зәру

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Кәмшат Қопаева Фото: Massaget.kz / Кәмшат Қопаева

Ақтөбеде Даун синдромымен туған балалардың ата-аналары көмекке зәру, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде Даун синдромымен туған балалардың ата-аналары көмекке зәру, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ақтөбеде балалары Даун синдромымен дүниеге келген балалардың ата-аналары мемлекеттің қолдауына мұқтаж екендерін айтты. Себебі облыста осындай дертке шалдыққан балалардың дамып, жетілуіне арналған бірде бір оңалту орталығы жоқ. Ал өзге орталықтар "диагнозы басқа" деп қабылдамайды. Аналар "мемлекет қолдау көрсетіп, оңалту орталығын ашып берсе, балаларымыз қоғамнан шеттетілмес еді" дейді. Себебі бұндай балаларды жан-жақты, үздіксіз оңалту арқылы өмірге бейімдеуге болады.

"Жалпы Қазақстан бойынша бұндай балаларға ешқандай көңіл бөлінбеген. Қандайда бір оңалту шарасы, көмек керек болса қол жеткізе алмаймыз. "Ол сіздердің балаларыңыздың диагнозына қарастырылмаған" дейді. Қазір менің қызым 13 жаста. Осы уақытқа дейін шырылдап келемін. Қайда барсақ та бізге есік жабық. Әкімшілікке де талай бардық алдына. Бізді қабылдамайды", - деді Гүлназ Қалменова.

Осындай баланы тәрбиелеп отырған ананың бірі Жадыра Тоғызбаева да баласы үшін баспаған жері қалмағанын айтады. Бұндай балаларға педагог-психолог, дефектолог, логопед секілді түрлі мамандар жан-жақты үздіксіз көмек көрсетсе, қоғамға бейімделіп кететінін айтады.

"Бұндай баланы өмірге бейімдеу үшін күнбе күн жұмыс істеу керек. Яғни оңалту, түзету жұмыстары үздіксіз жүргізілуі тиіс. Сондықтан мемлекеттің қолдауы керек. Өйткені ата-ананың азғантай қаржысы жетпейді. Мәселен біз оңалтуға, қандайда бір емге апару үшін қосымша диагнозбен барамыз. Баланың негізгі диагнозына қолдау көрсетілуі керек. Даун синдромына шалдыққан балаларға бөлек орталық қажет", - деді Жадыра.

Фото: Massaget.kz / Кәмшат Қопаева

Аналар қазір балаларын оңалту үшін қаладағы жеке орталыққа апарады. Бұл жерде де тек бір ғана психолог жұмыс істейді. Оның өзіне де тұрақты апаруға көпшілігінің қалтасы көтермейді. Ал "Мемлекет төлейтін жәрдемақы қажеттіліктің бәрін өтеуге жетпейді" дейді аналар. Оның үстіне Даун синдромымен туған балалардың денсаулығында ақау көп. Бірінің жүрегіне, бірінің аяғына ота жасаған. Ішінде жүре алмайтын да бала бар. Сондықтан олар балаларын тастап, жұмысқа да шыға алмайтындарын айтады. Ал денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыста 5 мыңнан астам мүгедек бала болса, оның ішінде бұндай диагнозбен өмірге келген 215 бала бар. Басқарма өкілі олардың барлығына психологиялық, медициналық, оңалту көмегі көрсетілетінін айтты. Бұндай балалар жылына екі рет оңалту емін алады екен.

"Бізде "Аяла", "Қамқорлық" деген оңалту орталықтары бар. Соларда ем жүргізіледі. Ал егер жеке адамдар өзі осындай көмек көрсеткісі келсе, оңалту орталығын ашқысы келсе лицензия алуы керек. Сонымен қатар санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінен қорытынды алуы керек. Содан кейін осы қорытындымен, мемлекеттік тапсырыс алуына болады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer