ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 августа 2023 | 11:59

Атақты Махмұт ұстаның ұлы Кегендегі қымызмұрындықтың былығын жайып салды: облыстық әкімдік жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: коллаж - tiktok.com/@temirshi.kz Фото: коллаж - tiktok.com/@temirshi.kz

Атақты ұста Махмұт Құлменовтың ұлы Бейбарыс Жетен Алматы облысындағы Қарқаралы төбеде өткен қымызмұрындық атты тойда болған былық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атақты ұста Махмұт Құлменовтың ұлы Бейбарыс Жетен Алматы облысындағы Қарқаралы төбеде өткен қымызмұрындық атты тойда болған былық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Бейбарыс Жетен TikTok-парақшасында айтты.

"27 шілде күні мені 70 жастағы әкеммен бірге Кеген ауданындағы Қарқаралы төбеде өткен қымызмұрындық деген тойға шақырды. Ол жерге біз жүздеген миллион теңге тұратын заттарымызды алып бардық. Өз жұртымыз болғандықтан біз бір тиын ақша сұрамадық. Алайда сол үшін бізге айтқан "рақметі" мынадай болып шықты: келген бетімізде бізді айдаладағы темір керегелі, едені жоқ қазақ үйге кіргізді. Мұнда біз кешке дейін сусыз, тамақсыз болдық. Кешке бізді алып кетеді деп ойлап едік, алайда ұйымдастырушылар бізді дымқыл топырақтың үстіне түнеуге қалдырды. Бұл елдің үлкен ақсақалын, халыққа еңбек сіңірген, құрметке ие кісіні осылай қарсы алғаны үлкен қате болды", - дейді Бейбарыс.

Осылайша Бейбарыс пен әкесі жергілікті халықтың көмегімен әзер дегенде түнге қарай үй мен азық тапқан.

"Келесі күні заттарымызды көрмеге қойып, уәдемізді орындадық. Ең қызығы қайтарда басталды. Әкем екеуіміз заттарды жинап, көлікке барсақ жүргізуші көлікке кіргізбеді. Ол былай тұрсын, бізді көлікке жолатпай, есік-терезені жауып қуып жатыр. Әкем екеуіміз сыртта екі сағаттай күтіп тұрдық. Мен жаспын күте берем, алайда 70-ке келіп қалған әкемнің олай ұзақ тұрғанына қарап тұра алмадым. Біздің көлікке отыруымызға не кедергі болған екенін ішіне кіріп көрейін дедім", - дейді ол.

Осылайша Бейбарыс Жетен іштегі адамдар арақ ішіп отырғанын көрген.

"Сөйтсем біздің далада тұрған себебіміз іште арақ ішіп отырған адамдар екен. Біз олардың ішіп біткенін күтуге мәжбүр екенбіз. Енді бұлай көмектеспейміз. бізді осылай малдан төмен қойса, бұл адамдармен жұмыс істемейміз. (...) Бұл шараның ұйымдастырушылары Алматы облысының әкімдігі, жоғарыда отырған ағалар, бұл үндеу сіздер үшін", - дейді Бейбарыс.

Алматы облысының әкімдігі Massaget.kz тілшісіне ұсталар шағымына қатысты жауап берді.

"28 шілде күні Кеген ауданы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық өткен болатын. Бағдарлама аясында сағат 11.00-ден 11.55-ке дейін ауыл шаруашылығы көрмесі қойылып, шеберлік сағаттары өткізілді. Сағат 12.00-де фестивальдің ресми ашылуы болды. Ал сағат 14.30-16.30 аралығында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Алдын ала белгіленген бағдарламаға сай, Қымызмұрындық кешкі сағат 17.00-де аяқталуы тиіс еді. Алайда, ұсталар Махмұт Құлменов пен Бейбарыс Махмұтұлы көрмелерін сағат 14.30-да жинай бастады. Олар киіз үйдің бірінен түскі ас ішкен соң, ұйымдастырушылар сағат 15.30-ға дейін Алматы қаласына жүретін көлік тауып берген", - дейді әкімдік өкілдері.

Әкімдік өкілдері кейінірек әлеуметтік желілерде Бейбарыс Махмұтұлы ұйымдастырушылардың көлік тауып бермей, көшеде 2 сағат такси күткендерін айтып шағымданған бейнеүндеуі таратқанын айтады.

"Аталған дерекке сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ішкі талдау жүргізді. Жауапты мамандардың қатысуымен Кеген ауданының әкімдігінде жиналыс өткізілді. Жиында аталған келеңсіз жағдай егжей-тегжей талқыланып, мамандарға бірқатар нұсқаулар берілді. Өз тарапынан Алматы облысының әкімдігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - делінгенәкімдік хабарламасында.

Еске салайық, танымал ағайынды Құлменовтар елімізде 1977 жылдан бері қару-жарақ пен зергерлік бұйымдарды жасап келе жатыр. Бейбарыс Жетен, 27-де. Мамандығы суретші. Ағайынды Құлменовтардың ішіндегі Махмұт ұстаның ұлы. Қазақтың ежелгі теміршілік өнерін насихаттаушы.

"Ресей империясының басқыншылығы ұсталардың көзін жоюдан басталған". Атақты Махмұт ұстаның ұлымен сұхбат

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer