ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 декабря 2021 | 13:34

"Атасын қазақша сөйлетті". Жүрсін Ерман ДДСҰ басшысымен қалай құдандасқанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жүрсін Ерман, Тедрос Аданом Гебрейесус. © almaty.tv/facebook Жүрсін Ерман, Тедрос Аданом Гебрейесус. © almaty.tv/facebook

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Tengrinews.kz тілшісіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен қалай құдандасқаны туралы айтып берді. Бұған дейін ұйым басшысы қазақ ақынын құттықтағанын жазған едік.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Tengrinews.kz тілшісіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен қалай құдандасқаны туралы айтып берді. Бұған дейін ұйым басшысы қазақ ақынын құттықтағанын жазған едік.

Ақын ДДСҰ басшысымен құда екенін растады. Бірақ бұл жолғы құттықтауы Жүрсін Ерманның мерейтойына арналған екен.

"Менің Ардақ деген кіші қызым бар. Содан туған Айдана деген жиен қыз бар. Айдананы ертеде Жаңа Зеландияға оқуға жіберіп, мектепте оқытқанбыз. Тіл үйрену деген науқан басталған. Сол елдің мектебін бітірген соң Швейцарияға барып, өзі академияға оқуға түсті. Соны бітірген соң Испанияға барып, магистратурасын оқыды. Жиен қыз қазір 30-ға келді. Осыдан төрт жыл бұрын тұрмысқа шықты. Сол кезде Алматыда ұзату тойын жасадық. Сол шыққан күйеуі ВОЗ-дың (ДДСҰ-ны айтып отыр) бас директорының Оман деген үлкен баласы болып шықты. Сонда Айдананың қайын атасы болып тұр ғой", - деп пікір білдірді ақын.

Жүрсін Ерман биыл 70 жасқа толған мерейтойына Тедрос Адханом Гебрейесус арнайы видеоқұттықтау жібергенін атап өтті. 

"Ол кісі Қарағандыға мерейтойыма келейін деп жатқан еді, бірақ ДДСҰ сессиясы болып, келе алмай қалды. Төрт жыл бұрын жұрты келіп, қызымды қазақша құда түсіп алған. (...) Жайшылықта сайрайды қазаққа ақыл айтып, енді өзі немере жиен қызын шетелдікке берді деп сайрап жатыр. Оған не істей аламын? Бірақ қызым домбыра тартады. Атасын қазақша сөйлетіп қойды. Оған рақметтен басқа айтарым жоқ", - деді Жүрсін Ерман. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Айта кетейік, Жүрсін Ерман 2 желтоқсанда 70 жасқа толды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer